oC

«Өркен» балабақшасы шыршасының (театрландырылған көрініс)

Сценарийі

Мерекелік іс- шараны клоундар биімен ашылады.(биге он клоун қатысады.)

Зал тақырыпқа сай безендірілген, ортағы топ балалар ойынауға келіп ойнап жатады, сарайға Мұз ханшайымы   қаһарына мініп(шыршаны бір  айналып) шырша  жанында ойнап жатқан балаларды  қатырып ортаға келеді. .

Үлкен Аққала келіп мұз ханшайымына : Ооо  балалар кәне мұз ханшайымының мазасын алмайық.

Мұз ханшайымы қош келдіңіз біздің әсем сараймызға. Мынадай көңілді мерекелі күнде  ашуланбай мұзға батқан шыршаларды ерітіп Бізбен бірге  жана жыл  мерекесін бірге тойлайық.

 Мұз ханшайымы: Қош көрдік Аққала мына кішкентай аккалалар ашуыма тиіп тұр еді, өзіңіз келіп той тойлаймыз деген соң көңілім  көтеріліп меніңде мерекеге қатысқым келіп кетті гой. (осы кезде музыка ойнап Аққала мен Мұз ханшайымы ән шырқап , қатып тұрған кішкентай шыршалар мен аққаалар билейді.) 

(Музыка ауысып сайқымазақтар жүгіріп билеп шығып балалармен билеп ойындар ойнап шығады.)

1-Сайқымазақ:

  Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңыздар!

2-Сайқымазақ:

 Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

1-Сайқымазақ:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

 (музыка қосылып бимен балаларды шеңберге тұрғызады)

Жаңа жыл Орындайтын: Гүлнур Рымбекова (бимен персонаждар шығады)

Жүргізуші:

 Армысыздар құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер!

Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан «Өркен» балабақшасының шыршасына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

 Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам, арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған

Мен Тәуелсіз Қазақстан, егеменді елімнін,

Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,

Байлық әкел, бақыт әкел баянды,

Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,

Бейнеуіме бар жақсылық, құт береке ала кел,

Шалықта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.

( музыка, қол шапалақтау)

Сайқымазақ: Бүгін салтанатты Жаңа жыл кешіне алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмын.

(Осы кезде свет сөніп бейнероліктен шана үстіне келе жатқан аяз ата көрсетіледі)

Аққала:

Қуныңдар, қонақтар, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен

Құрметпен қарсы алыңдар!!!

Жүргізуші: Қанекей, Қанекей, балалар, біздің ортамызға Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр, қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық. (балалар Аяз ата, Ақшақар деп айқалап шақырайық) Аяз ата мен Ақшақар келеді. (Балалар Аяз ата, Жаңа жыл, Аяз ата Ақшақар деп шақырады). Көрермендер қол соғады.

Аяз ата:

Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан

Ақшақар:  Амансыздар ма,балалар.Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.доңыз жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
БИ: Көңілді би

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар ортаға құттықтау сөз сөйлеу үшін Ұлытау аудандық әкімі:

Аяз ата: шырша шамын Ақшақардың қолындағы сыйқырлы таяқшаның көмегімен жағамыз.

Аяз ата: менімен мына балалар мен бірге жаңа жылдық шырша әнін шырқайық.

Хороводтар.  Қазақша, орысша, ағылшынша.

Жүргізуші: Міне өздеріңіз куә болғандай, өткен жылымыз толағай табыстарға толы болды. Ескі жылға еш өкпеміз жоқ.

Ескі жыл: Құрметті халқым менің! Мен сіздермен 12 ай біргеи болып, әрбір минутымды бақытты өткіздім. Көк жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз көңілді болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді. Алда келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Би : Буги-вуги (сайқымазақтар )

Осы кезде  2 сайқымазақ каропкаға таласып (каропканы мен ашам,мен ашам деп таласып жатканда 3 сайқымазақ ашып калғанда ішінен доңыз шығады.)

Жүргізуші: ооооо бізбен жыл он екі ай бірге болатын жаңа жыл ғой. (осы кезде музыка ойнап қошемет болады.)

Жүргізуші:

Қош келдің жаңа жыл

Қуанышпен пен шаттыққа кенелейік

Жадырап би билеп тербелейік

Төрлет төрлет халқымның жаңа жылы

Жаңа жыл:

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Мен жаңа жырмын

Баршаңызбен біргемін

Тағат таппай күткенің

Бұл доңыз жылы еді

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт жаңа жыр.

Би: ламбада (сайқымазақтардың билетуімен)

Сайқымазақтар; Аяз ата,балалар менің сендерге дайындап әкелген ойыным бар, қосылып ойнаймыз ба? «Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Ойын: «кім жылдам» ( музыка тоқтағанда обручтың ішіне жиналу керек)

 Ақшақар: Балалар бүгін менің сіздерге алып келген әнім бар соны бірге қосылып шырқайық

Аяз ата

Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың

Жаңа шуақ,  бойға қуат болсын ағайын

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату- тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Аяз ата:  Жарйсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарын да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.

Жүргізуші:

Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық

Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп

Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
ХОР:  Жаңа жыл

 

Өткізетін жері: «Өркен » балабақшасы

Өтетін куні : 26.12.2018жыл

.