Саламатсыздарма құрметті педагогтар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Әлеумет» білім беру саласы бойынша «Ғажайып әлем» апталығының ашылуына қош келдіңіздер!
Уа,халайық,халайық!
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып...
Шабыттанып шалқысып.
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай.
Бар өнерге басайық-дей отырып бізді қоршаған табиғаттың қыр-сырын меңгерген «Әлеумет» білім беру саласын бастаймыз.
(ортаға көңілсіз музыка мен чебурашка келеді)
- Балалар бізге біреу қонақ келе жатқан сияқты. Кім екен?
- Чебурашка сен неге көңілсізсің?
- Менің бүгін туған күнім. Алыстан маған мына сандықты жиберіпті. Бірақ бұл сандықтың кілтін жоғалтып алдым.
- Жарайды сен мұңайма. Кел оданда біздің апталықтың ашылуына қатыс. Біз саған көмектесеміз.
(музыка мен Гена келеді, қоландағы баянымен чебурашканы айналып ән айтады)
- Гена қош келдің.
- Рахмет. Бүгін «Өркен» балабақшасында керемет мереке болып жатыр деп естідім.
- Иә Гена бізде бүгін ерекше күн. Апталығымдың ашылу күні әрі Чебурашканын туған күні екен. Бірақ Чебурашка сандығының кілтін жоғалтып алыпты. Сол кілтті тауып берсек қалай болады?
- Менде қатыссам бола ма?
- Балалар: иә
- Гена: келіңдер онда кілтті іздейік. Ол кілт осы топта шығар. Кәні бәріміз жан-жағымызға қарайықшы. Кілт қай жерде жасырынды екен?
- 1-кілт тапсырмасы: Балалар мына кілтте жұмбақ жасырыныпты. Жұмбақ шешеміз бе?
- Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт) - Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз) - Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел) - Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай) - Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран) - Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел) - Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі) - Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ) - Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан) - Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер) - Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн) - Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер) - Таңмен көзін ашады,
- Әдемге нұр шашады. (Күн)
- Қыста ғана болады,
- Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
- Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
- Гүрілдейді сайда өзен.
- Гүлжазира жарасқан
- Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
- Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың - Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)
- 2-кілттің тапсырмасы: «Злая тучка» жаттығуын орындау
- 3-кілттің тапсырмасы:
- 4-кілттің тапсырмасы:
- Мына кілт сандағамызды ашты. Кәне ішінде не бар екен?
- Кітап
- Балалар бұл кітап ерекше екен. Ішін ашып көрейін. Мына жерде не жазылған екен.
- «Құрметті чебурашка және оның достары. Сендерді бүгінгі ерекше күнмен құттықтаймын. Мен сендерді көріп, біліп жүрмін. Мен сендердің ақылды достарыңмын. Алдағы бір апта бойы өз білімдеріңді көрсетеді деп ойлаймын. Сендерге сенемін. Бұл кітаптің ішінде 1-апта бойы оқып білетін, қызықты сабақтар мен тапсырмалар бар. Ендеше сендерге сәттілік тілеймін...»
- Балалар бұл жай кітап емес. Ендеше бұл кітапты бір апта бойы ішндегі тапсырмаларды орындауымыз керек.
Чебурашка: Білдім деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам
Бұл дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған
Көп нәрсені тоқиды.
Гена: Бүгін осы уақытта,
Кездескенге қуаныштымын.
Сіздерді мен жетелеп,
Ғажайыптар еліне
Таңғажайыптар елінде.
Бұл елде біз неше күн
Болып елді шарлаймыз
Көп нәрсені білеміз
Бұл қандай ел десеңіз?
Сөзді оқып білесіз!
- Бұл басы ғана достар!Көретін қызықтар әлі алда!Апталықта бәрі бар-жарыстар,сурет,сайыстар....Тамашалап,белсенді ат салысып,білімді жастар екенімізді көрсетейік!
- Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым
Қызыққа толы сұрақты
Алдарына тастаймыз – дей отырып сендерге сәттілік тілейміз.
Флешмоб