oC

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Ата-аналардың балабақшамен , тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

- Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен коучинг-сессиямызды бастаймыз. Коучинг-сессиямыздың  ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі коучинг-сессиямізгі қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі коучинг-сессиямызды бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

ІІ.Топқа бөлу Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті шарларды таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

ІІІ.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек

(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).

  1. Ассоциация жаттығуы. Ата-аналарға сөздер айтылады. Сол сөздерді естігенде ең бірінші ойына не келеді соны айтуы тиіс.
  • Агрессивті бала
  • Өтірікші бала
  • Ұялшақ бала
  • Беймаза бала

Сотқар бала 

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, тәрбиеші олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

  1. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»

Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.

Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы

«Ашық айтсам...»

Коучингтің жүргізілген күні__________________________________________

Менің есімім_______________________________________________________

Менің коучинг барысында түйгенім___________________________________

__________________________________________________________________

Бәрінен де маған ұнады______________________________________________

ұсыныс____________________________________________________________

__________________________________________________________________

Қолы_____________________________________________________________

Қорытынды: Егер ата-ана мен мұғалім тығыз байланыста болып, балаларға ортақ көзқараста бірдей тәрбие беріп, талап қойса балаға беріліп жатқан білімнің, тәрбиенің нәтижелі, жемісті болуына жақсы әсер береді Тәрбиелеп отырған ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.