Білім беру саласы: Әлеумет, шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, сурет салу.
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
1)Картинадан нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді, жұмбақ мазмұнын аша білуге үйрету.
2)Монолог тілін дамыту; бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын кеңейту:қыс қатты, аязды, қар сықырлайды, жылтыр, тайғақ. Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарын дамыту.
3)Достыққа,бір-бірін тыңдауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әре кетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Мотивац. қозғаушы. |
Шаттық шеңбері: -Сәлем Күн! -Сәлем Жел! -Сәлем Жер! -Сәлем саған туған ел! - Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз. Жұмбақ: Шанамен зырлап желетін, Шаңғы,коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? |
Ұйымдаст. ізденістік |
-Дұрыс,қыс мезгілі.Қалай ойлайсыңдар ,неге «қыстың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта» деп айтады? -Балалар, айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер болады? -Қыс қандай болады? -Сонымен қатар, қыс мезгілі балалардың сүйікті қысқы ойындарының мезгілі. Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер? -Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар. Бүгін мен сендерге «Қыс қызығы» атты картина арқылы әңгіме құруды ұсынамын. -Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? -Оны қайдан білдіңдер? -Тағы қайдан? -Ауа-райы қандай? Ойын «Дүрбі» -Қолымызға дүрбімізді алып картинаны зерттейміз. Бізге досымыз «Бәрін бөл» сиқыршысы көмектеседі. («Бәрін бөл» сиқыршысының суретін іледі.) -Ол нысандарды бөлуді талап етеді.Жақсылап қараңдар, суретте кімдер, нелер бейнеленген? -Кәне кім қандай нысанды бөліп алады? -Суретте үлкен адамдар не істеп жүр? -Балалар не істеп жүр? -Олар қалай киінген? -Суретші суреттегі адамдардың көңіл-күйлерін қалай суреттеген? Сергіту сәті: «Аққала» Қар жауғанда топ бала, Соқтық келіп аққала. Мұрны сәбіз,үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара. Көне шелек басында, Сыпырғышы қолында. Мұзайдынды аршуға, Келгендей-ақ ол мұнда. -Балалар, келесі сиқыршыларымыз бізді сиқырлы саяхатқа шақырады, барамыз ба? -Сиқыршылардың аттары: «Бәрін естимін», «Бәрін қолыммен сипаймын».(суреттерін іледі) -Бұл сиқыршылар бізді картинаға енуімізді сұрайды, көзімізді жұмып сиқырлы кілемге отырып ұшайық. -Балалар,бізге тағы бір сиқыршы қонаққа келіпті, оның аты «Уақыт көлігімен» екен. -Бұл сиқыршы суреттегі бір кейіпкерді таңдап,сол кейіпкердің атынан осында келмес бұрын не болды, содан кейін не болатыны жайлы әңгімелеуді сұрай ды.Әңгімелеріңе ат қойыңдар.Әңгімені қалай бастай тындарыңды,оны қалай жалғастыратындарыңды ,не мен аяқталатынын анықтап алыңдар.Бір-бірлеріңнің сөздеріңді қайталамауға тырысыңдар. |
Рефлексия лық-түзе тушілік. |
-Қандай суретті талдадық? -Қандай қонақтар келді? -Сиқыршылардың аттары қалай? -Жолдастарыңның әңгімесіне қандай баға бересіңдер -Кімнің әңгімесі ұнады? -Картинаны қарастыру ұнады ма? Балалардың әңгімесіне мінездеме береді,мақтайды. -Қыс мезгілі қандай тамаша!Сабақтан кейін өз әңгімелеріңе байланысты сурет салуға және сол суреттерден көрме ұйымдастыруды ұсынамын. |
Күтілетін нәтиже: Не алды? Қыс қызығын тамашалады.
Не білді? Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.
Не істей алды? Балалар түтікшемен қардың және құм, жарма, ас тұзын пайдалана отырып жарық түсірілген әйнекке саусақ қимылдары арқылы сурет салды.