Тақырыбы: «Армысың, Әз- Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Жүргізуші: Бүгінгі біздің ұлыстын ұлы күніне арналған «Армысы, әз-Наурыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін.
Балалар музыка ырғағымен топқа кіреді.
Ортаға «Күншуақ» тобының балаларын қарсы алайық.
Жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Ән: «Ән шашу»
Жүргізуші: Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін мереке. Олай болса кезекті балаларға берейік.
Айбар: О, жараңдар, жараңдар
Бәрін мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Текке қарап тұрмандар.
Данара: Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Нұрсұлтан. Наурыз келді тамаша,
Ән айтайық таласа
Апам, атам той тойлап,
Қуанып жүр балаша.
Мерейім: Наурыз тойы әдемі
Әжеп еске түсірді.
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.
Қыдыр ата келеді. Амандасады, үстелге отырады
Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.
Ән: «Дастархан»
Шакарім: Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды,
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Жансая: Жыл басы-наурыз мереке
Ақ нұра әлем боянды.
Наурыз тойы береке.
Тіршілік жаңа оянды.
Ханкелді: Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз
Тәтті болып жасаған
Наурыз дәмін татамыз.
Алуа: Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Ортамызды ашайық
Ж.Каусар: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып,
Аққа аузымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Ән: «Нұрлы көктем»
Айтыс:
-Балалар қазақтың ұлттық аспабы не?
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даламның
Үні менен бар әні
Балалар айтысы:
Бакдаулет. Домбырам басы ырғайды
Қыздар қолын бұлғайды
Бұлғасада бармаймын
Әлде не деп қарғайды.
Инкар. Домбырам басын ырғайды.
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасам
«Көк шешек» деп қарғайды.
Бакдаулет. Ол қарғысын өзіне
Екі қара көзіне.
Қыз қарғысы өтпейді
Маған тіпті жетпейді
Инкар. Кәмпитімнен бермеймін
Енді саған ермеймін
Маңайына келмеймін
Бакдаулет. Қасқыр, қасқыр қара ала
Бауыр жүні сары ала
Біздің қойды арала
Қыздардың қойын жарала
Инкар. Қасқыр, қасқыр қарасын
Қасқыр қайда барасың
Мына баланы жей ғой
Қойды қайдан табасың
Бакдаулет. Қасқыр, қасқыр қара ала,
Өтірікке қарама.
Қой болмаса далада
Осы қызды жарала.
Инкар. Маң төбетім барады,
Қасқырларды алады
Содан кейн сен бәлем
Тап өзінді қабады.
Тақпақ:
Нұрислам: Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен-көл
Кемерінен асады.
М. Нұралі: Қош келдің наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін арнапты,
Жылда осылай келе берсін жаңарып
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Айзере: Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.
Қ.Нұралы: Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Мансұр: Жайнап көктем нұрымен
Жаңа дәстүр жырымен
Бақта гүлдер сайрайды.
Ел наурызды тойлайды.
Би: «Адай»
Жүргізуші: Балалар қазақтың ұлттық аспабы не? Ал домбыра туралы Санжар сен не айтасың?
Санжар: Домбырадай мұраны
Қастерлеуге тұрады,
Сонда жатыр даламның
Үні менен бар әні
Айша: Би билейміз, ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып,
Тәтті әнді таңырқап,
Тыңдайды ел тамсанып.
Нұрасыл: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсың
Бүгінгі жыр әніміз.
Мұхитұлы Н. Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарқын күн
Мейрамында халықтың.
С.Каусар: Көктем келді, наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан.
Али: Наурыз тойын аңсап келем,
Ата-баба жырлап келген.
Той думаның жалғассын деп
Тойбастарды жырлаймын мен
Салт- дәстүрді насихаттау.
Жүргізуші: Жаңғыртып дәстүрімді рахмет елім
Тербесін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсың
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.
Бесікке салу. Тұсау кесу
Илияс: Ата- бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.
Аят: Бірдей кәрі жасқа да
Наурыз күні жақсы да,
Доңыз жылы той болсын,
Барлық балабақшада.
Аянат: Көктемім төкті нұрды.
Көңілдің кетті мұны
Кел достар ән шырқайық
Ұлыстың ұлы күні.
Ән: «Жаңбыр»
Би: «Қамажай. Бипыл»
Жүргізуші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!