oC

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке ,отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға  деген  сүйспеншілігін арттыру.Оларға патриоттық тәрбие беру.Баларды  Ұлы Отан соғысымен ,қазақстандықтардың  ерлік істерімен таныстырып ,ой өрісін  дамыту.

Көрнекіліктер: Гүлдер,шарлар,Батырлардың суреттері .

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші:

Топқа келген тарбиешілермен тәрбиеленушілермен амандасу.Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап Елімізге тыныштық тілеп ашық тәрбие сағатын бастау.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады .Деседе ұмытылмайтын ,ескермейтін тарихи оқиғалар болады.Соның  бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасыреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашан ұмытпақ емес.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1991 жылы маусымның 22 де болған еді.Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1995жылы  9мамырда  бұға  Ұлы Жеңіспен  аяқталды.Міне содан бері 67 жыл мерзімі уақыт өтті.Биыл Ұлы Жеңістің 67жылдығы.Соғыс уақытында ат ауыздығымен су ішкен ,ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып ,Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова  мен  Маншүк  Маметова ерлік көрсетіп ,батырлықпен қаза тапты.Ия кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін  қорғаған еді.

       Әлияны бұл күнде

       Барлық бала біледі

       Әлия атты көнілде

       Әпкеміздеп жүреді

       Аты аңыз жыр қылып

       Елдің батыр түлегі

       Әр жүректе тұр күліп

       Әлия атты батыр қыз.

 

       Мәншүк апай батыр қыз

       Ардақтаймыз атын біз

          Ұқсап Мәншүк апайға

          Өсіп келе жатырмыз.

Дүние жүзі халқы бостандық алды .Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.Қахарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.Зұлымдық,басқыншылық тізе бүкті.Бірлік ,ерлік ,халықтар достығы нығая түсті.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші:

Осы кісілерге құрметпен бас иеміз.Ал ос ыбибіт өмірге жете алмаған,ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп ,еске алайық.1минут еске алу 7Осымен мерекелік ашық сабағымызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

«9 мамыр –Ұлы Жеңіс күні» тақырыбында өткізген

 тәрбие сағатының

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

 

Тақырыбы: «9 мамыр –Ұлы Жеңіс күні »

Тәрбиелік мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, патриоттық костюмдер.

Қатысқандар: Ерте жас «Балдырған тобы» тобының тәрбиеленушілері

Қысқаша мазмұны: Балалар келген қонақтармен амандасады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.  Слайд көрсетіліп, сурет арқылы батырларымызды жеке жеке таныстыру. Сабақтың көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай, түсі анық, топ әдемі етіп безендірілген. Балалар өтілген ашық сабақтан қызықты, өздеріне деген белгілі бір әсер алды. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

Шешімі:

Ерте жас  «Балдырған» тобында өткен «9 мамыр –Ұлы Жеңіс күні» атты тақырыптық тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі шығармашылық жұмыстары көптеп жүргізілсін.