Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде»
Мақсаты: Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру. Балалардың тіл байлықтарын , ойын ұштау. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақалдар, батырлар суреті.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Тәрбиеші: Сіздерді 9 -мамыр Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтаймыз.Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. - Балалар Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? - Қай жылы аяқталды? - 9- мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады? Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл ,68 жыл болып отыр. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Аналар ұлдарынан айрылды. Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын . Ендеше соғыс даласында хабар ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер жүрек батыр ата әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық . 1 мин үнсіздік. Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысышыларды біздің арамыздан алып кетіп жатыр.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Тәрбиеші: Қуантамыз ән сап жұртты, Келе берсін бақыт таңы. Жеңіс күнің болсын құтты, Батырлардың ұрпақтары деп келесі бөлімімізді балалардың жеңіс туралы індеріне береміз! «Батыр бала Болатбек» әні орындалады. Міне, ұлы жеңіс күнінің мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейміз? Иә, аринеосындай қиын қыстау кезеідерді бастан кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын , сабырлығын, төзімділігін баса атап айтсақ артық болмас еді.
1-бала (Елмұра) Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін. Есен аман болайық, Енді соғыс болмасын.
2-бала (Аделя) Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
3-бала (Айша) Благодарим, солдаты, вас За жизнь, за детство и весну. За тишину, За мирный дом, За мир в котором мы живем!
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан . Кеудеге зілді қасірет салды соғыс . Қирады талай арман көңілге алған Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б және өз жерлестеріміз де бар. «Кішкентай салдаттар» әні орындалады. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әр азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
4-бала (Артем) Майский праздник - Ден Победы Отмечает вся страна Надевают нашы деды Боевые ордена.
5-бала (Ханбибі) Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем шуақ 9-май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, Кездейсоқпа көктемге сай келуі.
Қазақ даласы небір небір көтеріліс , небір төңкеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші: Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» «Ер есімі ел есінде» атты кешіміз аяқталды. Денсаулықтарыңыз мықты болсын ! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! Сау болыңыздар!
|
«Ер есімі ел есінде» тақырыбында өткізген тәрбие сағатының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ
Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде»
Тәрбиелік мақсаты: Балаларға батырлық ерлік туралы түсініек беру, бала бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптастыру.Рухани Отансүйгіштік сезімдідамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: Батырлар суреттері.
Қатысқандар: ІІ кіші «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері
Қысқаша мазмұны: Балалар келген қонақтармен амандасады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды. Слайд көрсетіліу. Балалар 9 мамыр туралы әсем әндер шырқайды. Сабақтың көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай, түсі анық, топ әдемі етіп безендірілген. Балалар өтілген ашық сабақтан қызықты, өздеріне деген белгілі бір әсер алды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Шешімі:
ІІ кіші «Еркетай» тобында өткен «Ер есімі ел есінде» атты тақырыптық тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі шығармашылық жұмыстары көптеп жүргізілсін.