oC

Тақырыбы: «Ел мен ердің жеңісі»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты ел жанды-ұлт жанды азамат етіп тәрбиелеу.

Тəрбиеші:

- 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүние жүзілік соғыстың бар  ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Өркен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Гүл қою рәсімі

1 минут үнсіздік

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тəрбиеші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудег езілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Бақдаулет:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім  білгім кеп:

— Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

Айбар:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Данара:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қояма ау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

Нұрсұлтан:

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ән: «Батыр бала Болатбек»

Тəрбиеші:

 Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмытқалған жоқ».  Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Мерейім:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

 «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Шакарім:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-біріне туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күмістаң.

Ханкелді:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Алуа:

Достық бізге тымыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Нұрислам:

Занман жаңа, ел жаңа

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, Өз ордам

Сүйенерім сен ғана.

Нұралы:

Анамыздай тілеуіақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан!

Нұрәлі:

Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты,

Досқа дайын төріміз.

Ән: «Біз Отанның бақытты баласымыз»

Мансұр: Бақыт сыйлап жатады әркүн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Санжар: Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыттаңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Күншуақ»  тобының ұлдарының орындауында  «Кішкентай солдат»  атты әнін қабыл алыңыздар!

Нұрасыл:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

Айша:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүр еді.

Ән: « Ақ көгершін»

Іңкәр:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Али:

Жеңем деген ел сөзі!

Тұрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Ілияс:

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.

Аят:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Аянат:

Өртен бесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқаркөл!

Жасасын Жеңіс!

Жансая:

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Хор:  «Жойылсын Жалғыз сөз «соғыс» деген» әні.