oC

Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңістің –74 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі 1 кіші «Құлыншақ» тобында өткізілгелі отырған ертеңгілігіміз Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналғандықтан «9-мамыр-Жеңіс күні!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Тәрбиеші:

Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Алақай –ай! Әйгілі!

Тоғызыншы май бүгін

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының,-дегендей бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

Алихан:

Бар елге қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық

Еркеназ:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Санжар:

Бір,екі,ұш

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең,

Солдат болам мен ертең.

Раяна:

Жеңіс күні құтты толсын,

Құтты болсын аталар

Тәрбиеші:

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы 9 май күні,

Алмастырған қуанышқа қайғыны,

- Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген