oC

Бүгін, 30 мамыр күні «Өркен» балабақшасында ортаңғы «Күншуақ» топ түлектерінің «Қош бол,  балабақшам!» атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Іс-шарада бітіруші түлектер әсем әндер шырқап, көңілді билер биледі. Ұлытау ауданының білім бөлімінің басшысы Қ.Б.Абдраимов, жас ұрпақты тәрбиелеу мен тұлға  ретінде шығаруда баланың келешегіне қосып жатқан ата – аналық  парызың орындау мен білім беру саласындағы  ұйымдардың қоғамдық жұмыстарына қосып жатқан еңбектеріңе ризашылығын білдіре отырып Г.Б.Нуржанова, Б.М.Амантаева, Р.А.Жунусова, З.Н.Шагирова алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша жыл бойы өз қамқорлығымен балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан «Жыл ата-анасы» болып Балдуова Сулу Адилбековна және балабақшаның өсіп өркендеуіне  сапалы білім, саналы тәрбие беруде  «Жыл тәрбиешісі» номинациясымен Крюкова Наташа Владимировнаға марапаттау сертификаттарын табыс етті. Іс-шараны одан  әрі «Өркен» балабақшасының директоры Ершуманова Эльмира Саматқызы түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, түлектерге балабақшаны аяқтағандығы туралы Диплом мен ата-аналарына алғысхаттар табыс етті.