oC

Мақсаты: Балаларды елге,тілге деген сүйіспеншілігін,

сыйластық сезімін сақтап,мемлекеттік

рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға

тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.Әр ұлттың киімін ,өнерін насихаттау.

Топ іші мерекелік безендірулермен безендірілген. Әр топ әдемі, ұлттық киім киген.

Компазиция: «Қазақстаным» (ересек тобы)

Жүргізуші шығады

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар!

Ана тілім,

 Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

 Мен өзіңнен жаралдым.

 Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

 Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

 Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

 Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Бүгін Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Ортаға ересек «Күншуақ» тобын, «Еркетай», «Құлыншақ» тобын шақырайық. (музыкалық ырғақ арқылы шағады)

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР тұңғыш президенті  кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Жүргізуші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Ең алғашқы бақытым- тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Дүниеден кейде мен түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Ән: «Отан»

Би: «Матрешки»

Жүргізуші:

Қазына бар тілімде

Анам айтқан жыр- әнін

Жоғалуы мүмкін бе?

Өлмейтұғын мұраның.

 Ақыл - ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Ән: «Достық»

Жүргізуші: Әркім тілін сүйеді

Қадірлейміз мұны біз

Қазақ тілін киелі

Мемлекеттік тіліміз.

Айым,Эльмура: Нұрайым

Каждый язык это целый мир

Мы желаем вам жить в дружбе.

И пусть над нами всегда

Будет мирное небо и

Светит ласковае солнце.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

 

*****Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілейміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

****  Отан деген ұлы сөз

Басталады кішіден,

Барлық жерде әрбір кез,

Кездесер ол кісімен.

*****Достығымыз жарасқан,

Ақпыз қоңыр, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

**** Ортақ жұпар ауамыз,

Ортақ жұпар күніміз.

Достық – туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Ән: «Біз Отанның бақытты баласымыз»

 Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Ана тілін сүйеміз!

 

Жүргізуші

Нұр шашады алтын күн,

Отанымда мереке

Қона берсін еліме

Бақыт, шаттық, береке

 

Құйған сана бойыңа

Туған тілім өркенде

Бола берші күшті көркемде.

 Ана тілін біліп қой

Еркіндігің теңдігің

Ана тілін біліп қой

Мақтанышың елдігің.

Ән: «Достық»

 

Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

Дефиле: Әр ұлттың сән үлгісі

Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім,менде бірге өсемін

Өшсе тілім,менде бірге өшемін.

Осымен «Тіл ұлттың тірегі» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет.