oC

I жүргізуші:

Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бәрімізге 22 - қыркүйек тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Ана тілім – ардағым» атты сайысымызға қош келдеңіздер дейміз.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай!
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

Ортаға  өзге ұлт өкілерін шақырайық.

Ортада Қазақ ұлт, Өзбек ұлты, орыс ұлты (музыкалық ырғақпен)

Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
     1. Тур «Таныстыру»

  1. «Ұлттық тағам»
  2. Сән үлгісі
  3. Өнер

«Сайысымыздың бет ашарын бастайық»
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

1-тур «Таныстыру»

Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды берсеңіздер.

2-тур « Ұлттық тағам»

Ей халайық, халайық,

Бар өнерге салайық,

Ас ұсынып бас тартқан

Жайылып тұр дастар – дей келе әр ұлттың ұлттық тағамына баға берулеріңізді сұраймыз.

3-тур  «Сән үлгісі»

«Жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

4- «Өнер»

Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би  бәрімізде.
шақырып бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе  келесі тур өнерге береміз.

Марапаттау

І жүргізуші:

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Тіл күніне арналған іс – шарамызды жабық деп жариялаймыз.