oC

Мақсаты: Балалрға күз мезгілінің ерекшеліктерін сезіндіру. Күз мезгілінің ерекшеліктерін көрсету. Ата-анамен бала арасында тығыз байланыс орнату.

Түрі: театрланған сайыс

Топ  іші күз мезгіліне сай безендірілген.

Барысы:

Бұлттар кіреді, күн кіреді музыкалық ырғақ арқылы  қимыл жасайды.

Бағбан баубақша қарап жүреді. Сол кезде қатты желдің дауысымен жел келеді, бұлттар мен күн кетіп қалады.

Бағбан: Мына жел менің бақшамды құртатын болды ғой. Алмаларды түсіріп, жаз бойы еткен еңбегімді жоқ қылатын болды ғой,

Жел келіп: Желге еш нәрсе тең емес,
Тау да жолын бөгемес,
Сақ-сақ күліп секіред.
Жүйрік желім тым сотқар,
Біреу бетін жапса егер,
Әдейі бетке түкіред.
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс көріп
Көлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді.

Мен желмін. Мен табиғатты билегім келеді. Мен күзді келтірмеймін

Бағбан: Жел сенің мұның дұрыс емес. Әр мезгіл өз уақытымен келуі керек. Себебі қыс қаһарлы мінезімен ерекшеленеді, көктем өзінің бірінші бәйшешегімен көрікті, жаз жайдарлы мінезімен, ал күз болса  сары жапырағымын, пісіп жетілген жеміс—жидегімен көрікті. Күз бізге келмесе адамдарға қиын балады. Көктемде еккен егістерінің, жаз бойы суарып, күзде жинап алуы керек.  Сен ақылдысың ғой.

Жел: жарайды ашуымда басайын. Күз келсе келсін.

Осы кезде «Ертегілер» әнімен күз ханшайымы келеді.

Ән: «Ертегілер»

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар құрметті ата-аналар Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Ертегі кейіпкерлері. Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді  бастауға рұқсат етіңіздер! Олай болса, кәнеки бәріміз қол шапалақтап, қошеметтеп ортаға балаларды шақырайық!

Алт.Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар? (Балалар амандасады)

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз? Төрлет.

Алт.Күз: Рахмет! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Жүргізуші: құрметті ата-аналар, Алтын күз, ертегі кейіпкерлері онда не тұрыс? Балалардың әдемі де әсем киімдерін тамашалайық.

Жүргізуші: Ал енді, Алтын күз, бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: 1. «Кім жылдам»
Ата – аналар жарысы.  4 ата-ана шығады. Жапырақтардан әртүрлі заттарды жапсыру керек, мысалы балық, қоян т.б.

Алтын күз: бүгін ата-аналардың қолөнерін тамашалағым келіп тұр.

Қолөнер.

Жүргізуші: Алтын күз енді балалардың арасында жарыс ұйымдастырсақ қайтеді?

Алтын күз: балаларды да ойнатайық.

Жүргізуші: ендеше маған ертегі кейіпкерлерінің көмегі керек. Бұл ойынның аты: «Жемістермен көкеністерді жинау.

Шарты:Балаларды екі топқа бөлейік. Мына жерже машина бар. Машинаға жерде шашылып жатқан жемістер мен көкеністерді жинауы керек. Ал машинаны ата-ана келіп лентаны орау арқылы өзіне тартады.

Алтын күз: жарайсыңдар балалар. Өте қызықты өтті.

Жүргізуші: онда келесі кезекті әсем әуенмен биге берейік.

«Жапырақтар» биі.

Шарты: Ата-аналар қолдарына жапырақ киіп музыка ырғағымен билейді.

Алтын күз: маған өте қатты ұнап жатыр. Барлық адамдар күз мезгіінің келгеніне қуанып жүр екен..

Жүргізуші: иа Алтын күз. Бұл біздің ең жақсы көретін мезгіліміздің бірі. Тағыда ойын ойнасақ қалай қарайсың?

Ойнасақ ойнайық.

Жүргізуші: ендеше ата-аналар балалар осы отырған бойы екі топқа бөлінейік. Қолшатырды ұстап баланың қолынан ұстапосы жерден бастап, кеглге дейін жүгіріп барып қайтасыздар. Бір қолда бала, бір қолда қолшатыр. Ал ендеше бастайық қай топ тез келеді екен.

Жүргізуші: Жарайсыздар. Рахмет. Алтын күз саған ұнап жатыр ма?

Алтын күз ; иә ұнап жатыр. Меніңде балалармен ойнағым келіп кетті. Балалармен билегім келеді. Бадлалар сендер менімен билейсіңдер ме?

Балалар:  иә

Физминутка:  «Злую тучку»

Алтын күз: жарайсыңдар. Көп рахмен. Балалар  биші екен.мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендерге арналған сыйым бар қабыл алыңдар. Енді менің кететін кезім келді тағы баратын жерлерім бар. Сіздерге рахмет.

Жүргізуші: Алтын күз сізге рахмет келгеніңізге. Сау болыңыз.

Жүргізуші: Міне ертеңгілігіміз де аяғына жетті. Құрметті ата-аналар! Күз мезгілі сіздерге, әрбір отбасына ырысы мен берекесін мол әкелсін! Мерекемізді топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!


«Күздің сыйы»

Мақсаты:Ата-аналарды мерекелік іс –шараларға тарту,балаларды үлкендерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Түрі: сюжеттік – рөлдік ойын

Көрнекіліктер: табиғи материалдар, үнтаспа, ертегі кейіпкерлері, орман бейнесі, үй.

Ертеңгілік өтетін зал мерекеге  сай безендірілген .Сахнаға  мерекелік ертеңгілік жүргізушілері кіреді.

Ортада әуен ойнап тұрады Бағбан бақшасын тазалап жүреді.Жеміс жидектеріне ән айтып жүргенде ,ортаға Ертегілер әнімен Күз ханшайымы кіріп келеді.

Бағбан:Күз ханшайымы саламатсизба?

Күз ханшаймы:Саламатсіңба Бағбан

Бағбан :Сіз нестеп жүрсіз Күз ханшайымы?

Күз ханшайымы:Мен бұл жерге сенін жеміс жидектеріннін өнерін тамашалауға келдім.Сенің жеміс жидектерінда өзің сяқты өнерлі деп ойлаймын.Өйткені өмір бойы бақшанда ән айтып жүресін .Сенің жеміс жидектеріңеде дарыған шығардеп ойлаймын.

Бағбан :Арине күз ханшайымы жеміс жидектерім әнде  айтат ,биде билейт,ертегіде ойнап  берет олай  болса жеміс жидектерімнін бауырсақ ертегісін тамашалаңыз.

«Бауырсақ»ертегісін  қабыл алыңыздар.

Ерте-ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шалы бір күні кемпіріне:

- Кемпір, кемпір, қамбаның түбін қақсаңшы, елеуішпен елеші, қарны ашқан шалыңа, бауырсақ пісіріп берсеңші, - депті.

Кемпірі қалақша қолға алыпты, қамбаның түбін қағыпты, елеушпен елепті, табақшаға салыпты, екі уыс ұн болыпты.

Қаймаққа ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты.

Бауырсақ суып жатыпты, жатып ойға батыпты, қашайын деп осы үйден, бір ойға нақ бекіпті. Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге, табалдырықтан секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа беттеді, аулаға шығып кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап соқпақ жолменен, ұзай-ұзай кетеді.

Жол бойымен домалап, келе жатса бауырсақ, қарсы алдынан тап келді, ұзын құлақ Қоянақ. Сонда қоян Бауырсаққа:

– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депт

Бауырсақ оған былай дейді:

– Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдағын, - дейді.

– Жарайды, ендеше, айта ғой, - дейді Қоян.

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қоян сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған

Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңқау Қоян аңырып тұрып қалды.

Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан сұры Қасқыр кездеседі.

– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді Қасқыр

– Сұры Қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы, - деп Бауырсақ әндете жөнеледі.

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып Сұры қасқыр жолда қалды

Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан Аю сонда кез келеді:

– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті Аю.

– Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған айтайын, - деп Бауырсақ әнін бастайды

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аю сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды.

Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты.

– Бауырсақ, домалап қайда барасың, - депті сонда Түлкі.

– Жол жүріп кетіп барамын, - депті Бауырсақ.

– Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям! - депті Түлкі,

– Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған! – депті Бауырсақ.

Бауырсақ сонда:

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,

Түлкі сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

– Әнің жақсы-ақ, Бауырсақ, нашар еді бұл құлақ, тұмсығыма шығып ап, айтып берші қайталап, дауыстап бір қаттырақ, - депті сонда Қу Түлкі

Мақтағанға мәз болды, тұмсығында Түлкінің, Бауырсақ солай ән салды.

Сонда Түлкі

– Тамаша екен үнің де, тағы бір рет айтшы тыңдайын, отырып алып тілімде! – депті.

Бауырсақ Түлкінің ойын түсінбеді, ойланбастан тіліне секіреді, «Ап!», - дегенде Бауырсақ қу Түлкінің, Азуында әп сәтте күтірледі. Мақтаншақтық – жақсы емес ей, балалар, - деген оймен бітірдік ертегіні.

Тәрбиеші:Ендігі кезекті біздің бүлдіршіндеріміздің сан үлгісне кезек берейік тамашалаңыздар.

Жапырақтар сап сары

Қонып жатыр жерге көп

Қызықтап баубақшаны

Шаттанды балбөбек

 Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Дегдар-Күзім-ау ,күзім-ау

              Мінезің бұзық –ау

              Жаңбырын сіркіреп

               Келгенін қызық –ау

Батырхан-Мен шиемін шиемін

                      Күннің көзін сүйемін

                     Қышқыл шырын менде бар

                   Төмен басты иемін

Шынғысқан-Мен алмамын,алмамын

                          Таңдандырар бал дәмім

                          Пісіп толдым мінекей

                          Баптап ерек бағбаным

Күзде жиі жаңбыр жауады.Бірақ біздің қыздар жаңбырдан қорықпайды .Өйткені оларда қолшатыр бар.

Би:Мадонна

Хор:Күз жомарт

Тәрбиеші:Ал бүлдіршіндерім бүгін барлығын өнерлеріңді көрсеттіңдер

Көп рахмет!!!

Сендерге әкелген сыйлықтарымызды  қабылалындар.Күзгі көкеністерден жасалған.