Күні: 07.11.2019ж
Тобы: Ортаңғы «Еркетай» тобы
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету. Бағдаршам көше реттеушісі екендігі туралы білімдерін бекіту.Түстер мен пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Көше тәртібін сақтауға, байқағыштыққа, қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу. Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Көру арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
Қостілділік: бағдаршам - light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green
Әдіс- тәсілдері: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сұрақ -жауап, ойын, мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, машина, суреттер, ақ жолақ.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Амандасу Үш тілде Балалардың көңіл күйлерін білу (смайлктер арқылы) |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
-Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? -Балалар, дұрыс айтасыңдар, таңертеңгі кез салқындау болады. -Ал сендер балабақшаға немен келдіңдер? -Балалар, сендер білесіңдер ме көлікті жүргізу үшін өзіне тән ережелері бар, оларды «Жол жүру ережелері» деп атайды. Жол жүру ережелерін реттеп тұратын «Бағдаршам» екен. Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен бірге « бағдаршам» тақырыбын ашамыз. Балалар алғашқы бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Бұрын бағдаршам екі түсті (қызыл. жасыл) электрлі бағдаршам болды. Тәрбиеші: Балалар бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты? Тәрбиеші: Қандай түсті? Тәрбиеші: Ал біздің қаламыздың көшелеріндегі бағдаршамның неше көзі бар? Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары. Бағдаршамның 3 түрлі көзі болады. Олар: қызыл, сары, жасыл. Қызыл түсі жанғанда тоқтаймыз, жүруге болмайды. Сары түсі жанғанда жүруге дайындаламыз, бірақ жүрмейміз. Жасыл түсі жанғанда жол ашық, жүреміз. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық! Ақ пен қара сызығы, Жолақ- жолақ сызылған Адамға жоқ зияны Аямапты ақ пен қара сияны Ол қандай жануар? Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты қаламыздың көшелерінде жаяу адамдарға, яғни, жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма? Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті) Ал енді сахналық қойылым қояйық. Зебра жолмен өту. Санжар,Диас,-жеңіл машина Раяна, Айғаным - жолаушылар Сергіту сәті: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде отырады, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде орындарынан тұрады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді. -Балалар көшедегі тұрған бағдаршамның барлығын полиция ағай қарап отырады екен. Тапсырма: «Не жетіспейді?». Бағдаршам өзінің түрлі түсті көздерін түсіріп алған,ал оның көздері оған керек. бағдаршамның көздерін дұрыс ретімен қойып жинап беру керек, оған көмек қажет? Сендер көмектесесіңдер ме? |
Рефлексиялық түзетушілік |
-Не білдік? -Не үйрендік? Мадақтау.Бағалау. Балаларды мадақтау. Балаларды бағдаршамның көздері бойынша бағалаймын (қызыл – төмен, сары – жақсы, жасыл – өте жақсы). |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен және жолда жүру ережесін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Көшеде , жолда, жаяу адам жүретін жол және көліктер туралы түсініктерін қалыптастырады.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: «Байқаңдар, балалар!», «Жаяу адам жүретін жол» сынды жол белгілері туралы білім беру және оларды айыра білуге жетілдіру.
http://orken-ulytau.1-bilim.kz/kz/news-kz/50-jymdastyryl-an-o-u-yzmetini-konspektisi.html#sigProIdd8b0a60d4e