oC

Ұйымдастырылған оқу  тәрбие  қызыметінің конспектісі

Тақырыбы: «Менің   Отаным  Қазақстан»

Мақсаты: 1 Балаларға Қазақстани Республикасы туралы білім беру патриоттық  сезімге тәрбиелеу.

2.Балалардың тіл байлығын  сөзді байланыстырып сөйлеу қаблетін дамыту.

3.Тұңғыш президент  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныстыру.

Көрнекілігі: Шарлар,Н.Ә.Назарбаевтың суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Саламатсиздарма құрметті қонақтар,тәрбиешілер,балалар.Сіздерді  тұнғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.Бүгінгі біздің тұнғыш президент күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жарялаймыз.Балалар қолдарын кеуделеріне қойып Әнұранды тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар  ұйымдастырылған  оқу іс әрекетімізді әнұраннан бастаған себебіміз,бүгін біз Отанымыз Қазақстан және туған өлкеміз туралы айтамыз.

Суретпен  жұмыс:

1.Балалар біздің  Республикамыз қалай аталады?-Қазақстан Республикасы.

2.Біздің  Отанымыздың президенті кім балалар?-Нұрсұлтан атамыз

3.Балалар сендер білесіңдерма Нұрсұлтан атамыз қай қалада тұрады?-Астанада

4.Балалар біз қай тілде сөйлейміз?-Қазақстанда  тұрғаннан кеиін  қазақ тілінде сөйлейміз.

Енді  балалар біз Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысамыз.Бізде қандай рәміздер бар?

Бұл Әнұран,Елтаңба,Ту.

Балалар естерінизде болсын  Қазақстан  Республикасының  рәміздерін  мемлекеттік тілін  құрметтеп,өз елінді,жерінді қорғап,

халқынына  адал еңбек  ету керек.

Балалар біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз.

 

Дегдар; Елбасымыз жолдайды

               Халық оны қолдайды

               Ешқашанда орынсыз

               Шешімдері болмайды.

 

Аслан;Елбасы елді қолдайды

            Халық қамын ойлайды

Зере ;Осындай жақсы адамның

          Жақсылығы тарайды.

 

Еркебұлан;Болашақ үшін тер төгіп

                   Үмітін елдің ақтаған.

Балалар біздің Нұрсұлтан атамыз жасы үлкейгенсон өз орнын Қасым Жомарт  Тоқайевқа берді.

Сергіту сәті

            .Бала бала балақан

             Кәне қайсы алақан,

             Саусақтарын әйбәт

             Былай былай ойнап.

             Топ топ басайық

             Жалаудан шар жасайық ,

             Жаса Жаса алтын күн

             Жаса жаса жарқын күн.

 

Егеменді елімізге біз тілейік –

                     Татулық

                     Денсаулық

                     Тыныштық

                     Молшылық

                   Амандық үшін-жасасын, жасасын  ел басы.

 

Рефлексивті түзетушілік

Қортынды бөлім:

Балалар бүгүн тәрбие сағатымызда біздің тұңғыш президентпен таныстық.Біздің тұңғыш президенттің аты кім екен балалар? Қазіргі елбасымыздың аты Қасым Жомарт  Тоқаев.

Күтүлетін нәтиже :

Білу керек:Қазақстан Респупликасының президентін таниды.

Игеру керек:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы біледі.

 

 

«Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында өткізген Тәрбие сағатының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Менің  Отаным Қазақстан»

Тәрбиелік мақсаты: 1 Балаларға Қазақстани Республикасы туралы білім беру патриоттық  сезімге тәрбиелеу.

2.Балалардың тіл байлығын  сөзді байланыстырып сөйлеу қаблетін дамыту.

3.Тұңғыш президент  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныстыру.

 Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Қатысқандар: кіші«Құлыншақ » тобының тәрбиеленушілері .

Қысқаша мазмұны: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың тіл байлығын сөзді байланыстырып,сөйлеу қабылетін дамыту.Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныстыру. Мемлекеттік рәміздер туралы айту. Балаларға Отан туралы, елбасы туралы тақпақ айтты.  Сергіту сәтін Татулық, денсаулық, молшылық туралы ұран айту. ҚР-ның картасын құрастырып жапсырту

 

Шешімі:

Кіші «Құлыншақ » тобында өткен «Менің Отаным Қазақстан» тәрбие сағатты «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі тәрбие сағаттары қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Тақырыбы: «Елін сүйген - Елбасы»

Мақсаты:  Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Астана-жас қала, бас қала туралы әңгімелеу. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау

Құрал- жабдықтар; слайд, көрме

Түрі: тәрбие сағаты

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Атамекен» әнімен ұлдар ту ұстап топқа кіреді.

«Көк тудың желбірегені» әнімен қыздар топқа кіреді.Қолдарында ту.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Фон: Күй

Тәрбиеші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар мен балалар!

Т-тәрбиеші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

-Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды.

-Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар,  экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?(Қазақстан)
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

-Балалар қазіргі таңда біздің Нұрсұлтан атамыз өз жерін,орнын басқа кісіге берді.

-Ол кісінің есімі Қасым Жомарт Токаев атамыз.(Суреттен көрсетіп, таныстыру)

Біздің тұңғыш президентіміз біздің Қазақстан үшін көп еңбек етті. Көптеген мектептер, балабақшалар салынды. Біз осындай бақытты елде тұрамыз.

- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?(Қазақ)
- Еліміздің рәміздерін мына  экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.

Тәрбиеші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Балабақша тәрбиешісі мен балабақша тәрбиеленушісі сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар!

Көрме: Балаларды көрмеге шақыру.(Түсіндіру)

Біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тындайық.

Диас

Сөзбен өрнек өрнейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

Айғаным

Елбасымыз Нұр аға

Салғызып Алтын орда.

Көркейтіп елін қазақтың,

Көрсетпей өмір азабын

Санжар

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Би: «Қыздар биі, Күн шуағы»

Раяна

Заман жаңа,ел жаңа 

Өз Астанам-өз Ордам 

Күлімдейді кең дала

 Сүйенерім сен ғана!

Айзере

Гүлдене бер, Отаным!

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достық қатарын,

Нұр аға біздің ұлы адам

Бекнұр

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын

Қаділемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын

Нұрдина

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Ән: «Отан»

Рефлексиялық түзетушілік

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Күтілетін нәтиже:   

Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Елбасымыздың балалық шағын білді.

 

«Елін сүйген-Елбасы» атты тәрбие сағатының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Елін сүйген-Елбасы» 

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Астана-жас қала, бас қала туралы әңгімелеу. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.

 

Қатысқандар: Ортаңғы  «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері.

Қысқаша мазмұны: Балалар топқа «Атамекен» әнімен қолдарына ту ұстап шықты. Балаларды Отан сүйгіштікке арттырып, патриоттық сезімдерін оята отырып, 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін түсіндірді. Біздің президентіміздің өмірбаянымен, оның жас кезімен таныстырды. Балалардың біздің президентімізге деген сүйіспеншіліктері одан әрі арта түсті. Тіл байлықтарын арттыра отырып, балаларға сұрақтар қойылды. Балалар тақпақтарын айтып, әндерін жақсы айтып шықты.  Балалар өтілген тәрбие  сағаты  қызықты, өздеріне деген белгілі бір әсер алды.

Шешімі

Ортаңғы  «Еркетай» тобында өткен тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.