oC

Елін ойлаған – Елбасы» тақырыбында өткізген

тәрбие сағатының

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Елін ойлаған – Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әртүрлі түстегі  материалдан жасалған арка, жан-жағында гүлдер, тұңғыш және қазіргі елбасымыздың суреті, бәйтерек монументінің суреті, рәміздердің суреттері.

Қатысқандар: Ересек «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері

Қысқаша мазмұны: Балалардың  қолдарында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік   жалауы.  «Көк тудың желбірегені»әнінің  ырғағымен топқа  кіруі.Әнге сәйкес композициялық би қимылдардың  орындауы.

Түрлі мерекелік іс-шараға әндерін айтады. Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың тіл байлығын сөзді байланыстырып,сөйлеу қабілетін дамыту.Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныстыру және қазіргі елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен таныстыру.

Шешімі:

Ересек «Күншуақ» тобында өткен «Елін ойлаған – Елбасы» тәрбие сағаты «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі тәрбие сағаттары қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.


Тақырыбы: «Елін ойлаған – Елбасы» ертеңгілігі.

Түрі: тәрбие сағаты

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: балалар әндерін,тақпақтарын жатқа айтты,билерін биледі. Түсіндіру, әңгімелеу, ойын.

Көрнекіліктер: Елбасы суреттері, рәміздердің суреті, шарлар.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Топ іші мерекелік іс-шараға сай  әсем безендірілген.

Балалардың қолында ҚР-ның туы.  «Көк тудың желбірегені»әнінің  ырғағымен топқа  кіреді.Әнге сәйкес композициялық би қимылдарын орындайды.

Екі қатарға тұрып,  «Біз бақытты баламыз» әнін орындап, орындарына жайғасады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

 1.Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,                                    Айым

Шешімдері болмайды.

2.Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,                            Жұпар

Жақсылығы тарайды.

3. Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,                                     Гүлнұр

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.
4. Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз             Нурислам                 

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
5. Қазағымның туын тіккен — Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,

Қазақ елін аялаған — Елбасы,                     Ақдәулет

Қиындықта сая болған — Елбасы.
6. Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтын,

Нұр сыйлаған көк тәіңірім ғажапсың.            Елмұра

Нұрын шашып жібергенде Елбасым,                       

Ізі қалмай кетеді бастан кешкен азаптың.
7.Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы                                        Ханбибі

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

8. Нұрайым 

Қуат алған өзінен

Туған елдің қызымын

Бақытты етіп өсірген

Отанының гүлімін.

9. Наурызбай

Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде тұрған соң

Бақытты өмір сүреміз.

10.Айым

Как повезло тебе и мне

Мы родились в такой стране

Куда ни глянь кругом друзья

Казахстан страна моя!

11.Нұрислам     

Мы все больше понимаем

Чем надо дорожить

Дорожить свободным краем

И республику любить.

Хор «Отан»

 

1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Балалар назарымызды тақтаға аударайық.Тақтада кімнің суретін көріп тұрмыз?

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев және қазіргі елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, бұл кісінің де жұмысы президент болу. Біздің президенттің жұмыс орны қайда, кім біледі? Нұрсұлтанда (Астанада)!
Дұрыс! Нұрсұлтанда  (Астанада) Ақордада. Балалар Нұрсұлтанда  (Астанада)  тағыда не бар? Нұрсұлтанда  (Астанада)  Бәйтерек бар!
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген? Балалар: Күн, бүркіт, ою. Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай? Балалар: Көк! Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін  қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр? Балалар: Шаңырақ! Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,  отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар? Балалар: Ат бар! Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

 Ересек «Күншуақ» тобының  бүлдіршіндері Нұрислам мен Елмұраның орындауында жеке ән «Достық»

Рефлексиялық түзетушілік

Ооо  Композициялық би «Бәйтерек»

Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық? Балалар: Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев туралы. Тәрбиеші: Олар  кімдер? Балалар: Олар  біздің елдің тұңғыш және қазіргі президенті. Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады? Балалар: Қазақстан! Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді? Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан  тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.Осымен «Елін ойлаған – Елбасы» атты ертеңгілігіміз өз соңына жетті.

Сау болыңыздар!Келгендеріңізге көп рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әндерін, тақпақтарын жатқа біледі.

Қолданады: Тулар.

 Түсінеді:Тәрбиешінің көрсеткен нұсқауын түсінеді.