1.Ашылуы
Өркен балабақшасының бүлдіршіндерінен құралған 15 гном,15 ақшақар,10 ақ ұлпақарлар бимен салтанатты түрде ашады.
2.Ән : Жана жыл .тәрбиеші Булатова Айдана
Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер.Бүгін сәнімен салтанаты жарасқан <<Өркен >>балабақшасының шыршасына қош келдіңіздер.
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса,жаса достық бірлік туыстық
Құттықтаймыз жаңа жылды өнермен
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді тойдеп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
3.Балалар біздің жаңа жылдық шыршамызға алыс шахардан Аңдар патшалығынан кішкентай қонжықтарымен ,өздерінің өнерлерімен бөлісуге және мерекелік кешке бізбен бірге болуға аңдар келе жатыр .Кәне балалар қошеметпен қол соғып қарсалайық.
(Әуенімен.Аңдар өз өнерлерімен келіп,көрсетіп шыршаны айналып тұрады.Аю,түлкі,қоян)
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ,бойға қуат әкелген
Жаңа жылын ,құтты болсын ағайын.
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым
Салем саған достарым
Жаңа бақыт,ашық болсын аспаным
Ортада музыка ойнайды .Антошка
6.Антошка шыршаны айналып жүреді.Қолындағы кастроліндегі тамағын жеп жүреді.Біркезде тамағы битип қалып Антошка жылайды.
Жүргізуші:Антошка саған не болды?
Антошка:Менің тамағым бітіп қалды.Мен әлі тойған жоқпын.Менің қарным ашып тұр.(жылайды)
Жүргізуші:Қой Антошка жылама,сен тамақты коп жей берме,сен оданда біздің жаңа жылдық шыршамызға тақпағынды ,өленінді айтып биінді билеп өнерінді көрсетпейсінбе!
Антошка: Менде өнер бар!Кім айтты менде өнер жоқ деп?
Жүргізуші:Ой ой Антошка сен мақтанба ,бар болса онда көрсет өнеріңді!
Антошка Билеймізба балалар , онда кеттік менімен бірге көңілдірек.
7.Ламбада биі
Доңыз:Бүлдіршіндер менің сендерге кетпи тұрып бір сыйлық сыйлап қуантқым келіп еді.Бірақ не сыйларымды білмей таңертеңнен бері ойлап ,ойыма ештене келер емес. Не сыйласам екендеп көп ойландым.Сендер көпсіндер мен жалғызбын .Не сыйласам екен аааааааа (осы кезде музыкалық Әуен.Аспазшы.Жарық сөнет)
Аспазшы: Амансыңдарма балалар , шыршаларың қандай әдемі,әсем безендірілген екен, өздерің қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер мені танисыңдарма ? Ия мен Аспазшы ағайларың болам. Таңертеңнен Доңыздың көңілсіз жүргенін байқап ,бар өнерімді салып барлықтарыңа жететін қылып тоқаш пісіріп әкелдім. (Барлық персонаждар қуану керек)
Доңыз :(қуанып)Жарайсың аспазшы сен жарадың.Бұл татті тоқаш бәрімізге жетеді.Қане барлығымыз үрлейікші(12345санап үрлейді. Ортасынан қуыршақ шығады.)
Жүргізуші:Біздің мерекелік тоқашымыздың ішінде сен неғып жүрсін?
Қуыршақ:Мені бүгінгі жарқыраған шыршаларыңызға шақырған жоқсыздар.Сол үшін тоқаштың ішіне тығылып қалдым.
Жүргізуші:Жарайды қуыршақ сенде біздің мерекемізге қатыс қош келдің.
Қуыршақ: Меніңде балаларға әкелген музыкалық тартуым бар.(Би билейді.Қуыршақ биі)
Жүргізуші:Байлық әкел, бақыт әкел баянды
Қуанта кел әкелерді,аналарды аяулы
Бейнеуіме бар жақсылық,құт береке ала кел
Шалқыта кел жастарымды,қарттарымды қалаулы
(мультфильмнен үзінді Есік қағылат .тук тук 3рет)
Хат тасушы:( жүгіріп кіру керек) Салеметсиздерме балалар, мен кешігіп қалдым , Аяз Атадан сендерге хат әкелдім.
Жүргізуші:Сәлеметсізбе хат тасушы! Хат?хат дисізбе?Кәне ашып оқып көрейін.(Хатта Аяз Атанын келе жатқан хабары жазылған.)Балалар бұл хатта Аяз Ата санаулы уақыттарда келіп қалғаны жазылыпты жазыпты. Кәне балалар Аяз атамыз бен Акшақарымызды шақырып жіберейік (Барлығы Аяз ата Акшақар)
(Музыка қойылады Ортаға Аққала келеді)
Аққала:Жаңа жыл әнін бастайын
Аяз Ата кеп қалды
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды.
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын,
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Аққала:Балалар кәне Аяз Атамен Ақшақарды шақырайықшы.Аяз Атамызбен Ақшақарда кеп қалды.(Аяз Ата Ақшақар 3рет.Аяз ата музыка)
Аяз Ата:Аяулы ата аналар,ардақты ұл ,қыздар бүлдіршін балаларыңа бір сәлем.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар:Амансыздарма қонақтар,ата аналар ,балалар!Жаңа жылдарыныз құтты болсын!Өтіп кеткен доңыз жылына аман есен саулық тілеп ,келер жылымыз тышқан жылына табыс жыл ,береке ,бірлік әкелсіндеп деп тілйік.
Жаңа жыл ,жаңа қадам жаңа бақыт
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт
Тышқан жылы кеп қалды ортамызға
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Қандай керемет сарай,қандай әсем шыршамыз тұр.Кәне достар бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық,сыйлықтан құр қалмайық.
Жүргізуші:Би билейік бұралып
Қыздар тұр сұранып
Менде тұрмын құрқалып
Шаттанайық қуанып.
Сыңғырлашы сырнайым
Жаңа жылды жырлайын
Ақсақалды атамыз
Аяз Атаны тыңдайық.
Жүргізуші:Аяз Ата шырша шамын жағып алмадықпа?
Аяз Ата :Жақсақ жағайық.
Жүргізуші:Аяз Ата Ақшақар ортаға шырша шамын жағу ға және құттықтау сөз сөйлеу үшін Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы Әбдірайомов Бағдат Қабденұлын ортаға шақырамыз.
Аяз Ата :Бағдат Қабденұлы шырша шамын Ақшақардың қолындағы сыйқырлы таяқшасының көмегімен жағайық.(12345 жағамыз)
Аяз Ата :Бағдат Қабденұлы балалармен жаңа жылдық шырша әнін шырқайық.
Хороводттар ( 2қазақша ,2орысша )
Жүргізуші:Міне өздеріңіз куә болғандай өткен жылымыз толағай табыстарға толы болды.Ескі жылға еш өкпеміз жоқ.
Доңыз:Құрметті халқым менің !Мен сіздермен 12ай бірге болып ,әр минутымды,бақытты күндер өткіздім.(Шолпаннын тақпағы)
Тышқан: Мендағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлендерге ақ ниет
Сіздерге мың рахмет.
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлен тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Ал балалар менін сендерге дайындап әкелген бір биім бар соны қосылып билейік.(Буги Буги би)
Жүргізуші:Ар бол жаңа жыл
Бар бол жаңа жыл
Қадамын құтты болсын жаңа жыл
Құт береке жылы бол жаңа жыл
Аяз Ата :Балалар барлықтарың өнерлі екенсіңдер сендерге келіп бір демалып қалдым. Енді Ақшақар екуміздің сендерге дайындаған сыйымыз бар ортаға көмекшілеріміз сайқымазақтармыз келіп бізбен бірге дайындаған бір биімізді билеп алайық ия (сайқымазақтар шығады.)
Папури (билер ) қолдарында жанып сөнетін шамдар болат
Жүргізуші:Әнмен шашу шашайық
Бимен көніл ашайық
Келіңіздер халайық
Жырға жырды қосайық
Дөңгеленіп тұрайық
Ойын сауық құрайық
Ән шашуы шашылсын
Жаңа жылға ылайық
Хор Тәрбиешілер
Жүргізуші:Міне қымбатты қонақтар ,балалар,бірлесіп достасып өткізілген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық бірлік бәрінде жеңеді.Аспанымыз бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін.
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Осымен кешіміз аяқталмайды Аяз Атаға дайындаған тақпақ өлендерін бүлдіршіндер арнайды. Кешіміз би кешімен жалғасады.
http://orken-ulytau.1-bilim.kz/kz/news-kz/54-rken-balaba-shasy-zhar-yra-shyrsha-atty-merekelik-is-sharasyny-stsenariji.html#sigProIdb74eb530e7