oC

Тобы: Кіші «Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: «Жүк  көлігі»

Мақсаты:Көліктердің түрлерін таныстыра отырып,жүк көлігімен адам таситын көліктін айырмашылығын атап айтып беруге үйрету.

Құрал-жабдықтар:  Көліктін түрлері,ермек саз,доп.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Салеметсідерме балалар ,қонақтар тәрбиешілер.Балалар сабағымызды бастамас бұрын,кім қандай көлікпен келді?деген ойынды ойнасақ;

Ойын шарты :Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,допты лақтырып ,балабақшаға қандай көлікпен келгендерін ойын түрде анықтау.

 

Ұйымдастырушылық ізденістік

Үстел үстінде көлік түрлері

Машина,автобус,ұшақ,жүк машинасы,кеме,пойыз,велосипед, тік ұшақ, бетон тасушы.

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.

Дұрыс айтасыңдар,балалар. Көлікпен біздер қажетті жерлерімізге, алыс сапарларға бара аламыз.

Көліктерді бірнеше топқа бөлуге болады.

Аспан көлігі,жеңіл көлігі, ауыр көлігі, су көлігі, темір жол көлігі.

Аспан көліг:і ұшақ,тік ұшақ.т.б жатады.

Жеңіл көлігі : велосипед,машина,арба т.б.жатады.

Ауыр көлігі: жүк машинасы,экскаватор,өрт сөндіру машинасы.

Су көлігі : қайық, кеме т.б. жатады.

Темір жол көлігі: пойыз жатады.

Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз мүсүндеу.

Тақырыбымыз «Жүк көлігі»деп аталады.

Жаңа айтылғандай жүк көлігі ауыр көлікке жатады екен.

 

 

Бұл көліктің жүк салатын сауыты балаларға мағынасы түсіндіріледі.

Өйткені жүк көлігімен құм,тас және басқада ауыр заттарды тасиды.

Билингвизм: Жүк көлігі-грузовая машина,жүргізуші –водитель.

Тақтада машинаның үлгі суреті ілініп тұрады.Осы үлгі бойынша тәрбиеші балаларды машина бөліктерімен таныстырады.Кабина, жүк салатын сауыты, тұмсығы дөңгелектері..Пішіннің түстерін

Анықтап балалардан сұрайды

1.Кабинаны орналастырады.Оның не үшін қажет екенін түсіндіреді

2.Кабинаның тұмсығын бекітеді.

3.Жүк таситын сауытын қояды.

4.Доңғалақтарымен терезесін жапсырады.

Ойын :Ұшты ұшты.

Ұшты ұшты-құс ұшты

Ұшты ұшты –машина ұшты

Ұшты ұшты –ұшақ ұшты

Ұшты ұшты –торғай ұшты

Ұшты ұшты –қайық ұшты

Ұшты ұшты –құс ұшты.

Бәрекелді балалар !

Мүсүндеу «жүк көлік»

Қорытынды

 

-Балалар біз ненің мүсүнін жасадық?

-Қандай пішінді пайдаландық?

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

-Не білдік?

-Не үйрендік?

 

 Күтілетін нәтиже:Біледі: Көлік түрлерін

Игереді :Жүк көлігінің басқа көліктерден айырмашылығын

Меңгереді :Жүк көлігін мүсүндеуді меңгереді

Тәрбиеші: Булатова.А.Ж.

Тексерілді:_____

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тобы: Кіші «Құлыншақ» тобы

Білім беру саласы:Коммуникация

Тақырыбы: «Мамандықтар.Дәрігер»

Мақсаты: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Ойын барысында қарапайым сөйлем кұрап,оны түсіндіріп, қайталай білуге үйрету.

Дәрігердің еңбегінқұрметтеуге үйрету.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Салеметсідерме балалар ,қонақтар тәрбиешілер Балалар шеңбер жасап тұрып,бір-біріне тілектер айтады.

Үлкенге сіз,

Кішігеде сіз,

Бар әлемді құрметтеп

Бас иеміз біз.

Балалар қимыл –қозғалыспен жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1. Әңгіме жүргізу.

 

- Дәрігер дегеніміз кім?

- Ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігер деп атайды. Дәрігер мамандыққа жатады, мамандықтар әр түрлі болып келеді. Жүргізуші- көлік жүргізеді, мұғалім - бала оқытады.

Мамандық иесі болу үшін көп оқып-білімді болу керек.

- Қуыршақ Айшаның тамағы ауырып қалыпты, мына қорапты ашып көрейін ішінде не бар екен көрейік.

- Балалар қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар екен ауырған Айшаның өкпесін,тыңдаймыз, ал бұл құралмен қызуын өлшейміз, бұл дәріні кімге береміз? Ауырған қуыршаққа береміз.

- Балалар, кейде дәрігерді үйге шақырамыз сонда олар қандаймашинамен келеді?

 

- Дұрыс,«Жедел жәрдем» машинасымен сендер оны көшеден көріп жүрсіңдер.

Сергіту сәті:

Қане «Ү-п» деп айтайық.

Демді ішке тартайық енді «У-һ» деп айтайық,

Демді шығара қайтарып.

 Суретпен жұмыс.

- Ауырып қалған жағдайда кімге бару керек?

- Суретте баланы дәрігер апай емдеп жатыр.

Балаларға ой тастау,педагогтің көмегімен айтып береді.

Қораптың ішіндегі құралдарды балалар қайталап айтып береді балалар жауап беруге тырысады.

 Жедел жәрдем машинасымен.

Бірге тынысалу жаттығуларын орындайды.

Балалар берілген тапсырманы педагогпен бірге орындайды.

Балалар жауап беруге тырысады

 

Рефлексиялық түзетушілік

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Сұрақтар:

- Дәрігер не істейді?

- Ауырғанда кімге барып емделеміз?

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дәрігердің адам емдейтінін;

Игереді: Ойын барысында дәрігерге қажетті құралдармен танысып,қарапайым сөйлем құрай білуді;

Меңгереді: дәрігер мамандығы туралы білімді.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Тобы: Кіші «Құлыншақ» тобы

Тақырыбы: «Менің елім»

Мақсаты: Еліміздің қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету.Туған жерін,елін сүйюге ,құрметтеуге тәрбиелеу.Отаншылдыққа  тәрбиелеу.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Салеметсідерме балалар ,қонақтар тәрбиешілер.

Амандасу шенбері.Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар кәне сабағымызды бастамас бұрын бәріміз шеңбер құрып алақандарымыздың жылуын елімізге шашайық.

Күніміз шуақты болсын,

Аспанымыз ашық болсын

Көк туымыз биік болсын

Елімізде тыныштық болсын.

Бәрекелді жарайсыңдар балалар .Балалар бүгүнгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім»деп аталады.

Балалар біз қай елде ,қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Қазақстанның елордасы  қай қала?

-Астана «Нұрсұлтан»

Елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев ,Қасым Жомарт Тоқаев.

Суреттермен  жұмыс жасау.

Балалар сендер туған жерлерінді білесіңдерме?

Ия баллар дұрыс айтасыңдар сендер ұлт ұясы ,үш жүздің басын қосқан Ұлытауда дүниеге келдіңдер.Балларға Ұлытаудың суретін көрсетіп әнгімелеу.

Балаларға «Менің елім »тақырыбына бірігіп  туған жерлерінің суретін қағаз бетіне түсүру.

Жарайсыңдар балалар .

Балалар бүгінгі сабағымыз ұнадыма сендерге?

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Сұрақтар:

 Күтілетін нәтежие:

Біледі:Өздерінің тұратын жерлерін әнгімелеп беруді.

Меңгереді:Туған  жеріміздің  көркем ,баға жетпес құнды  екенін меңгереді.

«Жүк көлігі» тақырыбында өткізген

Ашық сабағының

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Жүк көлігі»

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға  көңіл күй сыйлау. Көліктердің түрлерін таныстыра отырып,жүк көлігімен адам таситын көліктін айырмашылығын атап айтып беруге үйрету.

Қатысқандар: кіші«Құлыншақ » тобының тәрбиеленушілері .

Қысқаша мазмұны: Жүк көлігінің басқа көліктен айырмашылығын түсіндіре отырып,көліктердің су көлігі,әуе көлігі ,жер көлігі болып болінетінін айта отырып,олардың сол көліктерді бір бірінен ажырата білуді үйрету.

Шешімі:

Кіші «Құлыншақ » тобында өткен «Жүк көлігі » ашық  сабағы «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі ашық сабақтарды қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.

 Тәрбиеші: Булатова А.Ж

 

«Мамандықтар.Дәрігер» тақырыбында өткізген Ашық сабағының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Мамандықтар.Дәрігер»

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға  көңіл күй сыйлау. Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Ойын барысында қарапайым сөйлем кұрап,оны түсіндіріп, қайталай білуге үйрету.

Дәрігердің еңбегінқұрметтеуге үйрету.

Қатысқандар: кіші«Құлыншақ » тобының тәрбиеленушілері .

Қысқаша мазмұны: - Дәрігер дегеніміз кім?- екенін таныстыру.Ауырғанда дәрі беретін, емдейтін дәрігер апайлар мен ағайлар екенін түсүндіру . Дәрігер мамандыққа жатады, көптеген мамандықтарға анықтама беру.

Шешімі:

Кіші «Құлыншақ » тобында өткен «Мамандықтар.Дәрігер » ашық  сабағы «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі ашық сабақтарды қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.

Тәрбиеші: Булатова А.Ж

 

«Менің елім» тақырыбында өткізген Тәрбие сағатының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Менің елім»

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға  көңіл күй сыйлау. Еліміздің қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету.Туған жерін,елін сүйюге ,құрметтеуге тәрбиелеу.Отаншылдыққа  тәрбиелеу.

Қатысқандар: кіші«Құлыншақ » тобының тәрбиеленушілері .

Қысқаша мазмұны: - Балаларға Туған ел жайлы әнгімелеу.Туған жеріміздің туған еліміздің Елордасын таныстыру.Балларға жалпы туған елге түсүнік беру жане қорғауға,сүйюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Шешімі:

Кіші «Құлыншақ » тобында өткен «Менің елім » тәрбие сағаты «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі тәрбие  сағаттарды қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.

Тәрбиеші: Булатова А.Ж