Күні: 18.02.2020ж
Бөлімі: Ойын сауық сабағы
Тақырыбы: «Әріптер әлемінен сөз құрау»
Мақсаты: Педагогтардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. педагогтардың білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге,оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Педагогтардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Әдісі: Ой қозғау, сұрақ - жауап.
Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, әріптер.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Амандасу. Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!Ойын сайысымызға қош келдіңіздер!Бүгінгі ойыншыларымызға сәттілік тілеймін!Ал ендігі кезекте сіздерді ойынның кезеңдерімен және шарттарымен таныстырып өтейін. |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
1 кезең:Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. 1)А, р,а,б, л,а, л – балалар 2)І,і,б,л,м – білім 3)О,и,м,н,у,к,м,а,ц,к,я, и -Коммуникация 4)Ш, т, б,е, і, и,р, ә – тәрбиеші 5)О,и,я, ц, а, в, и, т, м – мотивация 6)Т, ә, у, е, м, л, е – әлеумет 7)А,р, м, д, а – драма 8) з, а, ы, р, н, у - наурыз 9)і, р,г,е,ә,д, р - дәрігер 10)а, б, о, р, ы, м, д - домбыра 2-кезең: «Жалғасын тап» ойыны. Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Қатысушылардың міндеттері ойлау қабілеттерін қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару. 1)Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны. 2) Отан елдің анасы, 3) Отан от басынан басталады. 4) Бірге тумақ бар, 5) Ел көркі — мал, 7) Ана сүті бой өсіреді, 8) Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. 9) Туған ел – тұғырың, 3-кезең:«Қызық сөздер» ойыны. Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру . Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп оқу. Сөз мағынасын тусіндіру. Қолқанат Ішік Есек Тымақ Қыран Балта Нағашы Шұлық Қысым Түс Балта Ұршық Мысалы: Ішік – кіші 4-кезең: «Әріптерден белгілі сөздер құрау» Мақсаты: 4 әріптен тұратын қазақша және орысша сөздерді құрау. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Қатысушыларды мақтау, жұмыстарыңа сәттілік тілеу. Қатысқандарына алғыс білдіру.Қонақтармен қоштасу. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сөздердің түсінігін, баламасын.
Қолданады:интерактивті тақтаны қолданады.
Түсінеді:барлық сөздерді түсінеді.
«Әріптер әлемінен сөз құрау» тақырыбында өткізген ойын-сауық сабақтың ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ
Тақырыбы: «Әріптер әлемінен сөз құрау»
Мақсаты: Педагогтардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. педагогтардың білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге,оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Педагогтардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Қатысқандар: Педагог тәрбиешілер
Қысқаша мазмұны: Бұл жердегі ойынның басты мақсаты, мазмұны ересек адамдардың яғни, педагог, тәрбиешілердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Әрбір әріптерден сөздер құрау. Әріптердің орнын ауыстыра отырып, түрлі сөздерді құрастыру. Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Қатысушылардың міндеттері ойлау қабілеттерін қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару. «Қызық сөздер» ойыны. логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп оқу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Шешімі:
Тәрбиешілермен өткен «Әріптер әлемінен сөз құрау» тақырыбындағы ойын-сауық сабағы «жақсы» деп бағалансын. Тәрбиешілермен одан әрі оқу қызметінде, тренинг семинарларда, дөңгелек столдарда қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.
Тәрбиеші: Тлеубаева Е.Б.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 21.02.2020ж
Тобы: Ересек «Күншуақ» тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Қыс»
Мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
2.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Қағаз бетінде бейнелерді жапсырмалауды, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру,ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Қыс мезгілінің суреттері.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Дидактикалық ойын «Дыбысқа сәйкес бейнені тап?» Ойын шарты: Дыбысты тыңдай отырып сәйкес бейнені көрсету. Есік қағылып хат тасушы келеді. Хат тасушы: Бұл кай балабақша? Уф,әрең жеттім ау. Сіздерге хат келді. Тәрбиеші:Рахмет сізге. Хат тасушы: Сау болыңыздар,балалар!- -Балалар хатта не жазылған екен оқып көрейік. -Сәлеметсіздер ме,балалар! Қалдарың қалай?Сіздерге хат жолдап отырған Аққала. Балалар, сендерден көмек сұрайын. Менің денемді зұлым қасқыр мен қарға бөлшектеп тастады. Денемді құрастырып, біріктіріп беріңдерші. Суретке қарасаңдар бәрін түсінесіңдер. Сәлеммен Аққала. -Балалар,Аққалаға көмектесеміз бе? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар? -Ал, енді аққалаға көмектесейік. Үлгіге қарап Аққала жасайық. Балалар жұмыс істеуге кіріседі. Сергіту сәті. Боран соқты оң жақтан, Тәрбиеші балалардың жасаған еңбектерін тақтаға іліп қояды. Енді сіздерге Аққала қуанатын болды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Қорытындылау: -Қай мезгіл туралы әңгімелестік? -Балалар біз бүгін оқу қызметінде аққаланы немен жасап үйрендік? -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып, тапсырманы орындадыңыздар.Сіздерді мұз тәттілермен марапаттаймын. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп беруді.
Нені меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін меңгерді.
Нені жасай алды: Қалдық материалды пайдаланып берілген бейнені жапсырмалап үйренді.
«Қыс» тақырыбында өткізген
Ашық ҰОҚ-нің
ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ
Тақырыбы: «Қыс»
Мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
2.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Қағаз бетінде бейнелерді жапсырмалауды, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру,ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Қатысқандар: Ересек «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері
Қысқаша мазмұны: Балаларға қыс мезгілі туралы толық түсінік беру.Дәстүрден тыс мақта мен дөңгелек дискілерді балалардың пайдалануына көмектесу. Клей, гуашь, қылқаламды дұрыс ұстауға үйрету.Қысқы ойындарды атай білу. Аққаланы өздері жасай білуге үйрету.Музыкалық ырғақ арқылы сергіту сәтін жасату.
Шешімі:
Ересек «Күншуақ» тобында өткен «Қыс» тақырыбындағы ашық ҰОҚ «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі оқу қызметіне қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.
Тәрбиеші: Тлеубаева Е.Б.