oC

Тобы: Ортаңғы «Еркетай» тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: жапсыру

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде) топтастыру. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет беру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:  көліктер суреті

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қонақтармен амандасу.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар сеңдер ойыншық ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Олай болса балалар біздің тобымыздың көлік ойыншығымыз сынып қалыпты.

- көлікті жөңдейміз бе?

Тақтаға 3 бала шығып тез-тез сынған жерін тауып құрастырып жібереді. Көлікті құрастырады.

-Балалар сендер жаңа көлікті  құрастырып шықтыңдар.

-Бүгін біз көліктер туралы айтамыз!

Көліктер туралы түсіндіріп шығу.

Машина,жүк машинасы, самалет, қайық  туралы әңгімелесу.

-Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Жеңіл машина және жүк машиналары туралы әңгімелесу.

-Балалар мына екі машина туралы не айтуға болады?

-Екеуінің қайсысы жүк машинасы?

-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?

-Иә дұрыс айтасыңдар.Жүк машинасының дөңгелектері көп.Ол жүк тасиды.

Мысалы:

Құм,тас,ағаш сияқты заттарды тасымалдайды.

-Ал жеңіл машина кімдерді тасымалдайды?

-Иә дұрыс айтасыңдар.Жеңіл машинамен адамдарды тасымалдайды.Оның адамдар отыратын салоны болады.

Ал машинаны кім жүргізеді?

Жеңіл машина да, жүк машинасы да құрлық көліктері деп аталады.

 

-Енді балалар ойын ойнаймыз! Столдың алдарында парақ жабыстырылған сол парақта ирек жолдар түзу жолдар салынған қазір сендер сол жолдарды қайшынын көмегімен қиып  шығып, машинаға жетесіндер!

 

Тапсырма орындау.

Шарты: Жүк көліктерін сәбіз бен қиярға жеткізу.

 

Сергіту сәті

1,2,3,4-машинаны жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4-велосипед тебуді бейнелейміз.

Тез,тез тебеміз.

 

«Не қайда жүреді»

Бұлт, су, жол суреттері.

 

Балаларға машинаны параққа жабыстырып үйрету.Көрсету.

Балаларға көмектесу.

 

Рефлексиялық түзетушілік

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Мадақтау.Бағалау.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы;

 

Түсінеді: Құрлық,су ,әуе көліктерінің маңызын;

 

Қолданады: Алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын;


Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тобы: Ортаңғы «Еркетай» тобы

    Түрі: Дәстүрден тыс сабақ

    Тақырыбы: «қар жамылған ағаштар»

   Мақсаты: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбенжеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:  парақ, ағаштың үлгі суреті, гуаш, құлақ тазалайтын

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шариктермен ойындар ойнау

Ұйымдастырушылық ізденістік

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы — осы өлеңде не туралы айтылған?

Балалармен сұрақ-жауап қыс мезгілі туралы.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыз мезгілі несімен әдемі?

-Қардың түсі қандай?

-Қыста ағаштар болады ма?

-Ағаштарда жапырақ бола ма?

-Ағаштар қандай түс болып тұрады?

Қағаз бетіне түсірілген дайын үлгілерді балаларға тарату. Жұмыстың жасалу ретімен таныстыру.

-Тазалықты сақтау киімдерін кір қылмауды айту.

- Қарды қандай түспен және немен жасау керектігін түсіндіру.

-Құлақ тазалайтынды балаларға таратып беру – Құлақ тазалайтынды ақ түсти гуашқа батырып ағаштың жаң жағына бастырып шығу.

 

Рефлексиялық түзетушілік

 

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Мадақтау.Бағалау.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді
Түсінеді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін
Қолданады: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді

 

«Көліктер»  атты ашық сабағының

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Көліктер»

Тәрбиелік мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде) топтастыру. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру. Адам тұрмысындағы көліктердің пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет беру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру.

Қатысқандар: Ортаңғы  «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері.

Қысқаша мазмұны: Тәрбиеші көлік түрлері жайлы жалпы  түсінік берді. Ашық сабаққа балалардың барлығы  белсене қатысты. Балалар өтілген сабақтан қызықты, өздеріне деген белгілі бір әсер алды. Қию әдіс бойынша балаларға қайшы ұстатып қию  тәсілдерін үйретті. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарын білді және көлік ішінде балалар өздерін ұқыпты, тыныш ұстау керектігін түсінді. Сонымен қатар балалар көліктерді жеке - жеке қағаз бетіне жабыстырып шықты және кейбір балаларға көмек көрсетілді.  Тәрбиеші тапсырманы орындап болған балаларды мадақтап бағалады.

Шешімі

Ортаңғы  «Еркетай» тобында өткен ашық сабақ «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.

Тәрбиеші: Сауленбек Ш.Қ

 

«Қар жамылған ағаштар »  атты дәстүрден тыс сабағының ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ

Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»

Тәрбиелік мақсаты: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбенжеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Қатысқандар: Ортаңғы  «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері.

Қысқаша мазмұны: Балалар дәстүрден тыс сабағын қимылды ойындармен бастады. Ойынға балалардың барлығы қатысты. Тәрбиеші қыс мезгілі туралы жалпы түсінік берді. Дәстүрден тыс сабаққа балалардың барлығы белсене қатысты. Балалар өтілген сабақтан қызықты, өздеріне деген белгілі бір әсер алды. Дәстүрлі емес әдіс бойынша сурет салу тәсілдерін үйретті. Оның ішінде құлақ тазалайтынмен қардың суретін салып үйренді! Қауіпсіздік шараларын орындады. Жұмыс істеп жатқанда тазалықты сақтады. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғай білуге тәрбиеледі.

Шешімі

Ортаңғы  «Еркетай» тобында өткен ашық сабақ «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.

Тәрбиеші: Сауленбек Ш.Қ