Би: «Кукарелла»
- Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!
-Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген ана-сіңілі, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Аналар асыл қазынам» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!
-Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?
-Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
- Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Раушан гүл, шіркін-ай, исі қандай?!
Ән шығармай, мүмкін бе, күй шығармай?!
Егер әйел болмаса тамсандырар,
Қалатұғын секілді Күн шыға алмай…
Теңесуге дәрменсіз гүлің талай,
Раушан ол – су, ауа – мұңым қалай?
Егер әйел болмаса Жұлдыздар да,
Қалатұғын секілді жымыңдамай.
Ән: «Қызыл гүлім»
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
-Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ендігі кезекте ән: «Аяулы анам»
-Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
- О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын»
Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. «Аналарымыздың серігі қамқор тұтар әкелер.
Әкем менің ардақты
Алтыннан да салмақты
Қиын-қиын жолдардан
Қорықпаймын ол барда
Әке деген ардақты ат
Өтемін оны ардақтап - ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, әкелердің өнерін тамашалайық.
Би: «Жаяу» (әкелер)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, ортаға қатысушы аналарымызды құрметпен шақырамыз.
Флешмоб
Еліктей ерке қыз,
Жан – сырын шертеміз
Болғандай бал шырын.
Сөзіңде сенің
Көзіңде сенің
Мөлдірі тамшының – дей отырып келесі ән шашуды қабыл алыңыздар
Ән: «Қыз бала гүл»
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
Ән: «Анаға сәлем»
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Ән: «Перзент сыры»
- Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік бақтарға.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден
Анаға сыйлаймыз.
Хор: «Ана туралы жыр»
Құрметті қонақтар, біздің "Аналар асыл қазынам" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
- Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!