Ән; «Айел бақыты»орындайтын Булатова .А.Ж.
(Ортаға аналармен балаар келеді)
- Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!
-Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Аналар –аса қымбат жан» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген.Сол дәстүр кәзірде жалғасуда .Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа?
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар ,қасиетті аналар!
Хор:Сегодня мамин праздник.
Жүргізуші:- Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Би:Веселый танец
1 .Мен үшін не керек ?
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым,
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың
2.Ананы мен жақсы көремін
Ана шаттық, бақыт береді
Анаменен барлық адам
Бақытты болып жүреді
3.Аналарды теңеймізғой құндызға
Күнге де,айға да,жұлдызға
Өмір бақи анаменен
Бақыттығой ұл қыздар
4.Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Ендігі кезекті ойындарға берейік:
1.<<Көнілді Қорапша>>
5.Сенен өскен балалар
Батырлармен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар
6.Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
7.Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
8.Анамыздың мейрімі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
9.Ақ мамамды әрқашан
Сағынамын сыйлаймын,
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын
Жүргізуші:-Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
2.<<Кір жайайық анашым>>
10.Бізге қарап елжіреп
Сүйсе беттен күнімдеп
Құшақ ашса келші деп
Жүгіреміз күлімдеп.
11.Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын
12.Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір бірден
Аналарға сыйлаймыз.
13.Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде.
14.Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ақ маржанды шашайық.
Жүргізуші:Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
3.<<Кел билейік тоқтамай>>
- Анам анам ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын.
16.Қозы бағып жүргенде
Жаңбыр жауды
Бір тамшысын әкелдім
Анам саған.
17.Ана деген асыл бағы жұмақтың
Анадеген қайнар көзі бұлақтың
Сағынасың сағынасың сен өзің
Болмаса егер ол бірақ күн.
18.Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділігі ананың
Болмас ешбір адамда.
19.Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Анаменен барлық адам
Бақытты болып жүреді.
Жүргізуші: - О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
4.<<Балаңызды табыныз>>
20.Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді,
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйқтап қаламын.
21.Ана апа
Ана дана
Өмірді әкелетін
Ана ғана.
22.Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімді сақтаған
Анашымдеп мақтанам
Айналайын ақ анам.
23 Анамызға еркелеп
Қуантуды қалаймыз
Өссек егер ертерек.
24.Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын.
25.Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Жүргізуші:-Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Хор: «Айналайын мама»
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Құрметті қонақтар, біздің "Аналар – аса қасиетті жан" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!