Ардақты ата – аналар, құрметтіде, қадірменді қонақтар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Қар астынан қылтиып байшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Сіздер өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі екендіктеріңізді ұмытпаныздар. Бүгінгі «Анамызға мың алғыс» атты «Құлыншақ» тобының дайындаған мерекелік концертін бастауға рұқсат беріңіздер.
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Асыл анам жасыл бағым жайнаған
Сол бағымда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің
Бар тілегі сіздерге арналған.деп келе ортаға
- Аубакирова Әйгерімді «Перзент парызы» әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шылқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғынам
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
- Бүгінгі концерттік бағдарламамызда әр шаңырақтағы әкенiң орны, әке отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы, қыз бала үшін әкенің орны қашанда бөлек екендігін білдіре келе «Әкелері мен қыздарының» биін тамашалаңыздар.
Бұл көнілдер қуаныштан өрілді
Көздерінен жалын нұры төгіледі
Жыр ұшқындап тұр ғой ән үнінен
Көпшілікке таныстырып өзінді дей келе ата аналарымыздың
- Қыз сыны сахналық көрінісін арнаймыз.
Айналайын, анашым,
Маған қорған, панасың.
Мейірімді жан өмірде
Жалғыз өзің ғанасың
- Ортаға «Анашымай» әнімен Еркебұлан мен Мерекені шақырамыз.
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
- Ортаға ата аналардан құралған бишілерімізді шақырамыз.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, - дей келе
- Әкелердің қасықтармен билеу өнерін тамашалаңыздар
Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасетті аналар
- Концерттік бағдарламамызға қатысқан ата аналарымыздың орындауында хор «Мереке күнімен»
Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды – деп Сіздерге әрдайым ақ жарқын көңіл күй тілейміз. Әр қашан балалардың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер.