Тобы: ересек «Күншуақ»
Білім беру салалары: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Үй жиһаздары»
Мақсаты:
Білімділік: Күз мезгілі туралы білімдерін білу.Үй жиһаздары туралы айта отырып олардың қажеттілігі жайлы білім беру.
Дамытушылық: Қоянға көмектесу арқылы балалардың жиһаздарға деген қызығушылықтарын арттыру және тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Жиһаздарға ұқыпты болуға оларды сындырмауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жиһаздары, күз мезгілі суреттері
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз ше? - Олай болса, барлығымыз орнымызға отырамыз. (Балаларды орындықтарға орналастыру). Ғажайып сәт: - Балалар, мен жаңа жолда келе жатырсам қоржын тауып алдым. Сосын оның ішінде не бар екенін сендермен бірге көрейін деп ойладым. Қане барлығымыз бірге көреміз бе? Балалар бұл қоржынның ішіне жұмбақ салып жіберіпті. Айнала сары ала. Қырманға дән тола Жемістер пісіпті, Қоймаға түсіпті? (Күз) Күз мезгілінде күн қандай болады? Тағы қандай ерекшеліктер болады? Нелер піседі? - Тамаша, балалар, сендер менің қойған сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер? |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Осы кезде біреу есік қағады. Тәрбиеші бір баланы жұмсап, есік қағып тұрған кім екенін көруді тапсырады. Есікті ашса, жылап тұрған қоянды әкеледі. - Тәрбиеші, сәлеметсің бе, қоян? Сен қайдан жүрсің? Неге жылап тұрсың? Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен «Моншақ» атты қоянмын. Маған сендердің көмектерің қажет. Менің бұрындары үлкен үйім және көп жиһаздарым болған, оның барлығын қу түлкі тартып алып, мені далаға қуып жіберді. Енді жаңадан үй алдым онда ешқандай жиһаз жоқ. Қандай жиһаздар керек көмектесіңдерші. Тәрбиеші: Жарайды біз көмектесеміз ғой? Қоян: Жарайды күте тұрайын. Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз қоянға көмектесеміз бе? Тамаша, рахмет! Біз қоянның үйіне жиһаздарына алуға көмектесу арқылы өзімізде жиһаз түрлерімен танысамыз. Біздерге үй жиһаздары керек деп ойлайсыңдар ма? Слайдтан мысыққа керек жиһаздар көрсетіледі. - Үйде қандай жиһаздар бар екен танысайық. - Міне, мынау жаңа бізден көмек сұраған қоянның үйі.Оның ішінде ешқандай жиһаздар жоқ екен. Қоянға жиһаздар алу үшін мен сендерге ойын ойнатамын. Ойын ойнағыларың келеді ме? Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр» Шарты: Тәрбиеші балаларға жиһаз түрлерін көрсетеді. Сол көрсеткен жиһаздарды балалар алдарыңда жатқан қима суреттерді жоғары көтеру арқылы тауып, бос тұрған мысықтың үйіне жабыстыруы тиіс. - Бұл қандай жиһаз оны қалай қолданамыз? Кіре беріс деп аталады онда сыртқы киімдерімізді және аяқ киімдерімізді жинауға болады. Қалай ойлайсыңдар бұл бізге қажет пе? Сендердің үйлеріңде барма? Енді қонақ бөлме жиһаздарына өтейік бұл жерден қандай жиһаздар көріп тұрсыңдар? Және отыруға арналған керуеттер жинақы тартпалар айналар бар екен. Бұл жиһаздарда қажет болып қалар. Жатын бөлмеге не алуға болатынын көрейік. Балалар не көріп тұрсыңдар? Келесі ас бөлме жиһаздары. Біздерде ас бөлме жиһаздары болмаса не болады? Дұрыс айтасыңдар ендеше қоянның да ыдыстары жинақы тұрсын. Жиһаздарға да қамқор болуымыз қажет оларды сындыруға болмайды. Ұқыпты қараумыз керек екен. Біздің таңдайтын жиһаздарымыз көп екен ендеше сергіту сәтін жасап алайық. Сергіту сәті «Көңілді күн» әуендік қимылды сергіту сәті Ойын: «Бұл не?» Шарты: Тәрбиеші балаларға бір бөлігі жетпейтін жиһазды көрсетеді. Мысалы: Шкафтың бір есігі болмайды. Балалар біздің таңдаған жиһаздарымызды алып қоян таң қалып жатырған болар. Өзінен сұрайық? Тәрбиеші: Қоян, саған үйіннің ішіндегі жиһаздар ұнады ма? Мысық: Менің үйім тамаша болды. Мен сендердей балалар көмектескеніне ризамын. Ұқыпты балалар екенсіңдер! Сау болыңдар келесі кездескенше. Барлығы: Сау бол, қоян! |
Рефлексиялық түзетушілік |
Бүгін немен таныстық?
|
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Күз мезгілі туралы біледі. Үй жиһаздары туралы айта отырып олардың қажеттілігі жайлы біледі.
Бала игеру керек: Мысыққа көмектесу арқылы балалардың жиһаздарға деген қызығушылықтарын артып және тіл байлықтары дамыды.
Бала жасай алуы: Жиһаздарға ұқыпты болуға оларды сындырмауға үйренді.
«Үй жиһаздары» тақырыбында өткізген
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің
ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ
Тақырыбы:
"Үй жиһаздары»
Мақсаты:
Білімділік: Күз мезгілі туралы білімдерін білу.Үй жиһаздары туралы айта отырып олардың қажеттілігі жайлы білім беру.
Дамытушылық: Қоянға көмектесу арқылы балалардың жиһаздарға деген қызығушылықтарын арттыру және тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Жиһаздарға ұқыпты болуға оларды сындырмауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жиһаздары, күз мезгілі суреттері
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап
Қатысқандар:
«Күншуақ» ересек тобының тәрбиеленушілері
Барысы:
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, амандасу рәсімін жасап алды. Балаларға қоржынның ішіндегі жасырылған жұмбақты қойып, оның жауабын бірге тапты. Слайдтан күз мезгілі көрсетіліп, сол бойынша сұрақтар қойылып, тәрбиеші балалардың жауабын өзі толықтырып өтті. Қонаққа қоян келіп, оның керек жиһаздарын тауып беруге көмектесті. Сергіту сәті жасалынып, балаларға дидактикалық ойындар ойнатылды. Қорытынды кезінде балаларға бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылды. Белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтады. Сабақтың көрнекіліктер эстетикалық талғамға сай.
Шешімі:
«Күншуақ» ересек тобында "Үй жиһаздары» тақырыбында өткізілген оқу іс әрекеті «қанағаттанарлық» деп бағалансын. Балаларға одан әрі қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.
Тәрбиеші: Г.Ж.Рымбекова
http://orken-ulytau.1-bilim.kz/kz/news-kz/67-j-zhi-azdary.html#sigProId6799ce889c