Тақырыбы: «Армысың , Алтын күз! »
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Оқу қызмет түрлері
|
Педагог іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Музыкалық ырғақпен балалар шығады Жүргізуші: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз. Құрметті педагогтар, балалар, тәрбиешілер «Армысың , Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын жүз. Сайрандаған күліп-ойнап, Келді міне алтын күз.
(Музыка әуенімен ортаға Күз ханшайымы келеді)
- Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп
Шаттық әнге салындар.
- Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би-билейік ойнайық.
Бүгінгі мерекеге орай «Еркетай» тобының бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденушілік
|
Би: «Зонтики» Бегім: Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін. Ален: Жел тынымсыз гуілдеп Болып кетті тым бұзық Шуылдайды тал терек Жапырағын жұлғызып Аман: Күншуаққа маужырап Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Төреш: Әй алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ Бақтың іші алаша Аунар ма еді жатып ап. Дінмұхаммед: Алтын-сары, қызыл-көк Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жапырлап. Әмір: Үркіп-үйрек қаздары, Шулайды көл қоғалы, Дәурен өтіп жаздағы Күздің желі соғады. Кәусар: Ұшты талдан жапырақ Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырлап Тамшы жерде секірді Бибіназ: Дамылдап жатқан балғындай Тоқтатты сулар тасуын Ағаштар алтын жамбыдай Шашады жерге шашуын Жүрексіз қоян безеді Жөңкілсе қаңбақ күздегі. Би: «Көкеністер» Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады? Бағжан Бір-біріне жер аспан Мейіріммен қарасқан Ұстаз-шәкірт жүздескен Қош келіпсіз күз дескен. Айтуар Қазан айы болыпты, Қамбаға астық толыпты Сары даланы сәндетіп Думандатып әндетіп Медина Күн суытып барады Малдар қолға қарады Қараша ауыл даламыз Қысқа дайын боламыз Айлин Жатыр дала жалтылдап Жаз шуағы мол құйды Күн астында алтын дән Тербеледі толқиды
«Саңырауқұлақтар биі»
Зере Көктемде егін егетін Күзде жиып беретін Біздің дала бай дала Астық толы айнала Айбол Қоңыр күз келдің бе? Қабағың түйіліп, Қауындар, жемістер Қалыпты жиылып. Амина Қызды қайнап ел ісі Қызыл қырмен жер үсті Елдің тоймен жүрген Еңбегінің жемісі.
- Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз. Хор: «Кап-кап» Әсем әуен салдырған,
Сәбилер де алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма? Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп құр кеткенім жөн болмас сондықтанда мен сендерге жұмбақ ала келдім. Ал ендеше ойынды бастаймыз. Жүргізуші: Балалар бәріміз мұқият тыңдайық: Іші толған шәрбат Дәмі қандай әйбат Үзесің бірден жүзін Оның аты-…(жүзім) Дөп-дөңгелек сары Ішінде бар дәні Қызығасың көріп Оның аты-…(өрік) Жапырақты тасалап Өсетін жері бақша-бақ Күрең қызыл шіркін ай Оның аты-…(құлпынай) Бір сабақта көп түйме Жей алмайсың көк күйде Санап қара қанша Оның аты-…(шие) Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты…(Шабдалы)
Жүргізуші: Жатыр дала жалтылдап, Жаз шуағы мол құйды. Күн астында алтын дән Тербеледі толқиды Топ балалары жырдан шашу шашады. Сұлтан Ой балалар балалар Қоңырқай күз болыпты Қурап жапырақ салыпты Ел егінін алыпты Жүргізуші: Жемістер жүр қадамын аңдап басып Келеді міне ортаға толқып тасып Бөбектерін өбектеген халқым менің Көңілді қошеметпен қол соғалық
|
Рефлексивті түзету
|
Күз ханшайымы:
- Керемет маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды. Ал тәрбиеші апай менің балаларға әкелген сыйым бар еді. Мен оны сізге берейін, балаларға таратып беріңізші. Мен кетейін сай болыңдар.
Жүргізуші: Өңі қашқан бәрінің Оңып кеткен атырап Қолдарындай кәрінің Қалтырайды жапырақ Соңғы кезде жерге күн Қырын қарап алыпты Қара бұлттар жөргегін Кептіре алмай қалыпты Демекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Армысың, Алтын күз! » атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
|
«Армысың, Алтын күз» тақырыбында өткізген мерекелік іс-шараның ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМАСЫ
Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз»
Тәрбиелік мақсаты:
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Әдіс –тәсілдер: мерекелік іс-шара
Сөздік жұмыс: Қар жамылған, құлағыңды тістеген
Қатысқандар: ортаңғы «Еркетай» тобының тәрбиеленушілері
Қысқаша мазмұны: Балалар шаттық шеңбер арқылы жүргізіп психологиялық ахуал туғызып, қонақтармен амандасты. Педагог сабақты өлең жолымен ашты. Күз мезгілінің алуан түрлі қызықты сәттерін тамашалады. Жұмбақтар шешті. «Қолшатыр» биі,
«Жемістер» биі,
«Саңырауқұлақтар» биін биледі. Хормен «Кап-кап» өлеңін айтты. Жалпы мереке қызықты етіп өтті. Мақсатына толық жетті.
Шешімі:
Ортаңғы «Еркетай» тобында өткен «Армысың, Алтын күз» мерекесі «жақсы» деп бағалансын. Балаларға одан әрі оқу қызметіне қызықтыру жұмысы көптеп жүргізілсін.
Тәрбиеші: А.Ж.Байторина
КМҚК «Өркен» бөбекжайы
Тәрбиеші: Байторина А.Ж.
2021-2022 оқу жылы
