Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, балалардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі:слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, шарлар.
Топ балаларының мерекелік іс шараға салтанатты шығуы.
Хор. «Туған жердей жер болмас!»
Аслан:
Тәуелсіздік бабам берген аманат
Тәуелсіздік келешектің кепілі
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап
Тәуелсіздік өткен күннің өкімі
Дегдар:
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын еліміздің керегесі
Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш жігері жастардың сарқылмаған
Тәрбиеші: Құрметті балалар,ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?
(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)
Айша Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан,
Салт – дәстүрін сақтаған.
Кәусар
Бақытты боп жүргенім
Сеніңарқаң, Ұлы Отан.
Елімменің –тірегім,
Құшағындагүлатам.
Жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне,біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!
Жүргізуші:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік кешімізді бастаймыз.
Хор «Туған жер!»
Айсана:
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын еліміздің керегесі
Тату тәтті боп халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердің берекесі!
Айлин
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құбатаң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Ален
Көкірек жауаршым қайөң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Елбасы туралы балаларға түсіндіру.
Балалық шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Жұмысшы Нұрсұлтан
Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Елбасы туралы «Ән» Жолдасбек Қонайұлының орындауында.
Нұрсұлтан Назарбаевтің балалық шағынан көрініс.
«Батырлар» биі
Жолдасбек Қонвйұлы «Ел аға» әні
Аман
Дүниеәлемкөзіндей,
Дөңгеленгенжамалы.
Еге елімніңқорғаны-
Керегеқанатқамалы.
Көгілдіркөктіңжүзінде
Амира
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгісенбескүйінде,
Маңдайданжұлдызтуыптұр.
Қуатотынқоздырған
Қосқанаттыпыпағым.
Арман
Қаһарманқажыр, қайратым,
Шайлықпастектіайбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Елбасының елге қызмет еткен жылдарынан диа фильм көрсету.
Елбасы туралы «Ән» Самат Баймышыевтің орындауында.
Педагогтар мен ата аналар арасында флеш моб
Кіре беріске жылжымалы «Елін сүйген Елбасы» жылжымалы көрме.
«Тұңғыш Президент» күніне арналған суреттер мен макеттер байқауынан конкурс Барлық топтардың арассынан.