Мақсаты: Балаларды елге,тілге деген сүйіспеншілігін, сыйластық сезімін сақтап,мемлекеттік рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.
Әдіс-тәсілдер: мерекелік іс-шара
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагог қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Топқа балалардың кіруі.Қолдарында әр түрлі картоннан жасалған алақан сызбалары. -Қайырлы күн,балалар, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. -Балалар, сеңдердің қолдарындағы не нарсе? - Алақан Түрлі- түсті картоннан жасалған алақандар біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің басқа ұлттардың амандасау тілдерін білдіреді. -Ендеше, балалар осы алақандарынмен тақтада жабыстырылған тіл туралы плакатқа әр ұлттың амандасау ретін жабыстырып шығыңдар! Чао- итальянша, Бонжур- французша, Ола- испанша, Шалом- ивритше, Гутен таг- немісше, Привет- орысша, Сәлеметсіз бе-қазақша, Hello- ағылшынша, Моши - жапонша. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік іс-шарамызды бастаймыз! |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Сұрақ-жауап 1.Елбасымыз кім? 2. Еліміздің бас қаласы қай қала? 3.Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? 4.Біз қай ұлтпыз? 5.Біз қай тілде сөйлейміз? 6. Біздің елде тағы басқа қандай ұлттар бар? 7. Тіл мерекесі жылдың қай мезгілінде атап өтіледі? 8. Балалар, біз тіл арқылы не істиміз?
Тәрбиеші: Ендеше, осы мерекеге арналған тақпақтарымызға кезек берейік
Ойын: «Қазақша-орысша» Мақсаты: ортаға тәрбиешінің қасына бір бала шығады. Сол балаға қарама қарсы балалар тұрады. Тәрбиеші балаларға сурет көрсетеді, суретті қазақша айтады, бір бала орысша айтады.
-Балалар, тіл туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? Мақал- мәтелдерін айту
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге сырлы ой салар Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік Ән: «Ана тілін сүйеміз»
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім,менде бірге өсемін Өшсе тілім,менде бірге өшемін. Осымен «Тіл - халық қазынасы» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. |