Ұлытау ауданы "Өркен" бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 4 топпен қамтылған.
(1 слайд) 90 бала тәрбиеленуде. 2022 жылдың маусым айында 25 баласы мектепалды даярлық сыныбына кетті. 25 баланың орнына тамыз кырқүйек айларында 25 бала қабылданды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «INDIGO» барлық мектепке дейінгі ұйымдардың бірыңғай тізілімі, балаларды қабылдау бойынша электрондық мемлекеттік қызметтер, мектепке дейінгі түзеу ұйымдарына кезектер, барлық мәліметтердің барынша ашықтығы, балалардың электрондық жеке істері және қолма-қол ақшасыз төлемдер базасымен 79 бала тіркелді. Бүгінгі күні «INDIGO» автоматтандырылған базасымен келісім-шартқа барлық балалар отырған. Балалардың тамақтануы бойынша барлық ата-аналар жарнасы мен күнделікті ас мәзірі жасалынып, күн сайын әлеуметтік желі парақшасына салынуда. «INDIGO» автоматтандырылған базасы бойынша:
(2 слайд)
1 жастан бастап ерте жас «Балдырған» тобы 9000 теңге ата-аналар жарнасын құрайды;
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалар Кіші топ «Құлыншақ» тобы 9000 теңге ата-аналар жарнасын құрайды;
4 жастағы балалар Ортаңғы «Еркетай» тобы 10 000 теңге ата-аналар жарнасын құрайды;
5 жастағы балалар Ересек «Күншуақ» тобы 10 000 теңге ата-аналар жарнасын құрап отыр.
2022 жылы бүгінгі күні «Өркен» бөбекжайында 88 бала тәрбиеленуде. Индиго базасы бойынша балалардың жас ерекшеліктері 4 жастағы балаларға 2 орын жарияланып отыр. Осы жарияланған бос орындарды «Өркен» бөбекжайының әлеуметтік желі парақшаларына салынып, ата-аналар мен тұрғындардың назарына хабардар етіп отырмыз. Бөбекжайға айына 75-80 бала тұрақты келіп отырады. 15 бала ауырған жағдайда, не болмаса ата-аналардың өтініштерімен келмей қалған жағдайда, ол балалардың ауырған жөніндегі анықтамалары мен ата-аналарының өтініштері “Индиго “базасына қоса тіркеліп отырады.
(3 слайд)
Бөбекжайда 2022-2023 оқу жылдарында Педагогтар саны - 16. Жоғары білімді – педагогтар саны 11 оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде жоғары дипломды педагогтар саны 3, мектепке дейінгі білім беруде арнаулы орта педагог саны – 2, арнаулы орта білімді педагогтар саны – 3. Қазіргі таңда 5 тәрбиеші бала күтімінде (декреттік демалыста ) үйде бала күтімдегі демалыста отыр. Кадр жетіспеушілігі – декреттік орынға тәрбиеші мамандардың келмеуі. Бөбекжайда жоғары санатты педагог саны – 1, екінші санатты педагогтар саны -2, педагог – модератор саны – 4, биылғы 2023 оқу жылына аттестациялық тест өтуге 2 педагог өтінішін беріп қойды. 2022 - 2023 оқу жылына Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен педагогтар саны -8, Біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен педагогтар саны -8.
(4 слайд) Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Балаларды жектілікті дамытуды бағалау үшін «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығына сәйкес тәрбиеленушілердің білімін бағалау өлшемдері қолданылды. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы дайындаған Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымына сүйеніп жасалынды. Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады: Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Оқу жылының басында тәрбиеленушілерден бастапқы диагностика алынды. Нәтижесінде бастапқы көрсеткіш пайызы 58 процентті көрсетсе, аралық көрсеткіш пайызы 68 пайызды және Қорытынды бағалау мониторингтегі көрсеткіш 79 пайызды көрсетті. 2023 оқу жылындағы алғашқы бастапкы мониторинг көрсеткіщі 60 пайызды құрайды.
(6 слайд )Бөбекжайда жаңа технологияларды қолдануда жұмыстар жасауда. Атап айтар «Асық» терапиясы, ««Монтесорри», «Эбру» технологиялары, «Работотехника» технологиясы ,«Құм» терапиясы арқылы балардың ұшқыр ойларын заман талабына сәйкес жетілдіруде мектепке дейінгі ұйымдарда осы технолгиялардың атқаратын рөлі зор екенін ашық айтуға болады.
(7 слайд) Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру мақсатында 2022 жылдың 10-14 қаңтар аралығында Ұлытау ауданы мектепке дейінгі ұйымдарда
«Бұл әлем қандай тамаша!» тақырыбында ұйымдастырылған Эстетикалық сауаттылық апталығында «Work-шоп» облыстық ұйымдасытырылған сабақты бөбекжай тәрбиешісі С.Н.Шагирова тапсырды, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыруда Әженің ертегісі Жобасы аясындағы
«Ертегілер еліне саяхат» атты «Work-шоп» жоғары санатты тәрбиеші Н.В.Крюкова беріп педагогтар оқу әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. 2022 оқу жылында Халықаралық «Өрлеу - өркендеу»
Ғылыми – ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Шебер тәрбиеші» байкауында 1 дәрежелі дипломмен ,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері аорасында «Бақытты балабақша» байкауында 1 дәрежелі дипломмен педагогтар жетістіктерін көрсетуде. Ғылыми – ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Балапан – бояулар әлемі» байкауында ересек Куншуақ тобының тәрбиеленушісі Есенғали Айтуар жетекші тәрбиешісімен 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. (8 слайд)
Сонымен катар бөбекжайда ата аналармен түрлі бағытта бүлдіршіндерді жаңа технолгияларды балабақшада тиімді пайдалануда тренингтер, хакатондар, дөңглек устелдер мен пікір алмасулар жүзеге асырылады.
(9 слайд )Биылғы қысқы маусымға Жылу қазандығы қысқы маусымға дайын. Жұмыс істеп тұр. 100 тонна көмір түсірілді.
(10 слайд) Қауіпсіздік шаралары бойынша бөбекжайда 24 камера, дабыл түймелері ;
ішкі дауыстық ескерту құралдары жұмысын жасауда.
(11 слайд) 2022 жылдың сәуір айынан бастап аудит тексерісі жүргізіліп онда 2019-2020- 2021 жылдардың есептік қаржылық есебі қаралды.
Халықаралық «Өрлеу - өркендеу» Ғылыми – ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Шебер тәрбиеші» байкауына катысып, «Шебер тәрбиеші» екенін үздік жұмысымен дәлелдеп,қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға ықпал жасап, мәңгілік елдің жарқын болашағы жастардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбегі үшін 1 дәрежелі дипломмен Орынбаева Назгуль Рашитовна марапатталады.2022 жыл
- Халықаралық «Өрлеу - өркендеу» Ғылыми – ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Балапан бояулар әлемі» байкауына белсене атсалысқаны үшін алғыс білдіреміз. Біз сізді ел мұддесі үшін қызмет ететін қалың қазақтың қатарынан көргіміз келеді. Жетекшісі Орынбаева Назгуль Рашитовна 2022 жылда 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Халықаралық «Өрлеу - өркендеу» Ғылыми – ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері аорасында «Бақытты балабақша» байкауында білімділігі мен біліктілігі және ерекше шығармашылығымен үздік деп танылғаны үшін Орынбаева Назгуль Рашитовна марапатталады. 2022 жыл