oC

Республика күніне арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру дағдысы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: 25 қазан – Республика күні

Білімділік: Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ту,елтаңба, әнұран, рәміздер.

Қостілділік компонент: ту-флаг,елтаңба – герб, әнұран – гимн, рәміздер – символы.

Қолданатын құралдар: Республика күніне арналған суреттер.Ту, елтаңба, әнұран, растяжкалар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық– қозғаушылық

Әнұран шырқалады.

Шаттық шеңбері

Таңмен бірге оянып

Келдік балабақшаға

Әдептілік белгісімен

Сәлем бердік баршаға.

Балабақша үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Дос боламыз біргеміз.

Ажырамас іргеміз.

Балалар барлығы бірге  «Жаса, Қазақстан» әніне қолдарындағы тумен билейді.Ортаға Альмира шығып «Біз Қазақстан еліміздің ұландары 25 қазан Республика күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!» деп сөзін сөйлейді.

Барлығы бірге орындау.

Ұйымдастыру  ізденістері

 Балаларға бүгінгі тақырып жайлы түсіндіру.Ту,елтаңба, әнұранға сипаттама.

Сұрақтар қою:

-Балалар біздің неше рәмізіміз бар?

-ҚР Президенті кім?

 

-Астанамыз қай қала?

-Біз қай тілде сөйлейміз? 

Олай болса біздің балалардың Республика күніне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1.Құттықтаймын қазағым,

Республика күнімен.   

Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.

2.Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.
3.Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма.

4. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.

5. Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.

6.Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсіңсен Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

7. Әнұраным, жан ұраным

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі-бақи шырқалады

Республика,  Әнұраны.

8. Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

9. Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

10.Әнұраным жан ұраным

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам – Әнұраным.

Балалардың орындауында «Отанның жас өркені» атты әнімізді қабыл алыңыздар!

Балаларды 4 топқа бөліп отырғызып түрлі жұмыстар орындау. 1 ші топ: Пазлдарды құрастыру. 2ші топ:  «Менің Қазақстаным» суреттерін құрастырып жабыстыру. 3ші топ: Тудың суретін құрастыру. 4 ші топ: Елтаңбаның суретін құрастырып, жабыстыру.

СЕргіту сәті.

Ойын.

Мұқият тыңдау.

 

 

 

-3 рәмізіміз бар.Ту, елтаңба,әнұран.

-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

-Астана.

-Қазақ тілінде сөйлейміз.

 

 

 

 

Әлинұр.

 

 

 

 

Адина

 

 

 

 

Нұркен

 

 

 

 

Альмира

 

 

 

Нұрали,Нұрасыл

 

 

 

 

Аруназ

 

 

 

Арсен

 

 

 

 

Дамира

 

 

 

 

Алан

 

 

 

Айсана

 

 

 

Барлығы бірге хормен орындайды.

 

 

Рефлексивті – түзетушілік

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау.

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Бүгін қандай мереке?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса – жаса мәңгіге туған елім.

25 Қазан-Республика күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қонақтарымызбен қоштасу.

Балалардан толық жауап алу.

 

 

 

 

Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Рәміздерді жатқа біледі.

Білуі тиіс: Қазақ тілде сөйлейтінін,Президентін ,әнұранды білуі тиіс.

Істей білуі керек: Пазлдарды құрастырып істей білуі керек.

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:Балалардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

 

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

 

  1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары - мемлекеттік туының авторы кім?

(Суретші - Шәкен Ниязбеков)

  1. «Қазақстан» дейтін Отан - Анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов)

  1. Әнұран авторын білесің бе?

(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы алғашқы президентіміз Н. Ә. Назарбаев)