«БЕКІТЕМІН»
«Өркен» бөбекжайы»КМҚК
директоры
_________Э.С.Ершуманова
Тақырыбы: «Қарттарым-алтын қазынам!»
ересек «Күншуақ» тобының ертеңгілігі
Тәрбиеші:Жанабергенова А.Ж.
Тлеубаева Е.Б.
Ұлытау. 2023 жыл
Қарттарым-асыл қазынам!
Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Барлық балалар:
Есенсіз бе, ұлағатты қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын
Өзіңіздей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегімде сақтадым.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар рахмет.
Мерекелеріңіз құтты болсын тәрбиеші апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін балабақша директоры Эльмира Саматқызына берейік.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін табайық.
Жұмбақ:
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеннің
Білер оны сұраған
Ол кім (Ата)
Аймалайды «Күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті –ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (әже)
Балалар ата-әжелерінді жақсы көресіндерме?
Ендеше балалар барлығымыз «Жақсы көрем» әнің айтайық
Алан:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл - қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
Альмира:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Әлинұр:
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Дамира:
Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
Тәрбиеші:
Балаларымыздың «Бабушки старушки» биін тамашалайық
Альбина,Адина,Нұрасыл,Аслан
Тақпақтар:
Нұрәли:
Ақ жаулықты әжемді
Ай нұрына тенедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін
Арсен:
Күлімдеген көзінен
Айналайын атажан
Үлкен сый бар біздерге
Өзін берген батадан
Аруназ:
Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне
Медина:
Әжем өрнек тереді
Сырмақ отыр оюлап
Басы ауыра береді
Шай ішпесе қоюлап
Айсана:
Әже,еркелейін сізге
Жүр жанымызда
Шаттық силап бізге
Жете берші жүзге
Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Әже» әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Әже»
Тәрбиеші: Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Тәрбиеші: Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет! Олай болса балалар әжелерге мақал айтайын жалғасын әжелер айтсын
1.Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер
2.Отбасының өнегесі -
Отан өнегесі.
- Достың сәні - қимастық.
Отбасының сәні - сыйластық,
- Отбасынан бас кетсе,
Қазаннан ас кетеді.
Тақпақтар
Нұрасыл:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып,билеткен
Таныстырған ең алғаш
Сандар менен суретпен
Тәрбиеші апамыз
Әмір:
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Тәрбиеші апамыз
Адина:
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Тәрбиеші апамыз
Рахмет балалар! Тақпақты қалай жақсы айтасыңдар!
Тәрбиеші: Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік
Ән: «Біз бақытты баламыз!»
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!
Мерекелік іс-шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.
Тәрбиеші:
Қадірлі әжелер және тәрбиеші апайлар бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.