Қош келдің Жаңа жыл 2025
(кіші топ)
Жүргізуші:
Қуансын деп тамсана,
Безендірдік шыршаны.
Жымыңдайды – тамаша
Шыршамыздың мың шамы! Сәлеметсің бе, шырша! (Балалар шыршамен сәлемдеседі.)
Қане, қане балалар,
Бәрің бермен қараңдар,
Шырша неткен әдемі,
Шыршаға әр түрлі әдемі моншақтар,
Әсем ойыншықтар ілінген!
(шыршаны қарастырады)
Жүргізуші:
Балалар, біздің шыршамыз қандай? (Дұрыс, үлкен.)
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
«Шырша» саусақ ойыны
Алдымызда шырша тұр. (балалар қолдарын көтеріп, саусақтарының ұшын біріктіріп, шыршаның жоғарғы бөлігін жасайды)
Шыршаның бүршігі, (жұдырықтарын көрсету)
Ине, (сұқ саусақ)
Шамдар, («шамдар»)
Майшам, (алақан мен саусақтарды бір-біріне біріктіреді)
Жұлдыздар, (саусақтарын қозғалтады)
Кішкентай адамдар. (ортаңғы және сұқ саусақтарын тізеге қояды)
Жүргізуші:
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз баріміз,
Өлеңде әзір ән әзір.
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл деп келесі кезекті әнге бериік.
Шырша туралы ән
Жүргізуші:
Балалар бүгін біздің мерекеге қонақтар келеді, кәне бәріміз бірге қол шапалақтайық! (балалар шапалақтайды) Ешкім келмеді. Мүмкін қонақтарымыз естімей қалған шығар? Менде бізге көмектесетін сиқырлы қоңырау бар.
Музыкаға Ақшақар кіреді.
Ақшақар:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Шыршаларың қандай әдемі! Тек көңілсіз екен!
Мүмкін шыршаның көңілін көтереміз?
Мен шыршаның көңілілін қалай көтеруге болатынын білемін,
Кәне бәріміз бірге,
«Аяғымызбен тепсінеміз,
Сонда шамдар жанады!»
(дети громко топают- огоньки загораются)
Шыршадағы шамдарды өшіру керек болса,
Онда шыршаның инелерін бірге үрлейміз.
(балалар үрлейді – шамдар сөнеді)
Жүргізуші:
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі!
Қандай үлкен!
Балалар сендерге шырша ұнады ма?
Шыршаның артынан аю шығады.
Аю
Мен түлкімін түлкімін,
Түнып тұрған күлкімін.
Бұлаң –бұлаң құйрығым,
Текке өтпейді бір күнім.
Ақшақар:(түлкіге айтады).
Сен шақыртусыз келдің,
Енді балаларды ренжітпе!
Оданда шырша мерекесінде,
Балалармен бірге ойын ойна!
Аю мен ойын
Аю: Мен сендердің балаларыңа тиіспеймін. Мен жәй ғана білгім келген, тәтті иіс қайдан шығып тұр?
Ақшақар: Тәтті иіс мынау қораптан шығып тұр!
Аю: Мен оларды көрсем болады ма?
Ақшақар: Балалар, кәне Аюмен бірге қарап көреміз бе?
Кәмпиттер мен би
Аю: Балалар, мен өте қумын, жұмбақтарды жақсы көремін. Ал сендер жақсы көресіңдер ме? Егер сендер жұмбақтың шешімін тапсаңдар мен сендерге сыйлық беремін (жұмбақ). Аю шыршаның түбінен, ішінде қар түйіршіктері бар үлкен шартылдақ табады.
Жүргізуші: Балалар, аңқау аюға қар кесектерін лақтырып ойнайық.
Аюмен қар лақтыру ойыны (Балалар Аюға қар лақтырады. Аю қашуға тырысып, балалармен қоштасады)
Ақшақар: Балалар, сендер менің атам Аяз ата туралы ән білесіңдер ме? (балалардың жауабы). Кәне бәріміз бірге Аяз ата туралы ән айтайық, Сонда Аяз ата бізді естиді және бізге келеді.
«Аяз ата туралы ән»
Жүргізуші: Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамызды шақырып
Қолғабымен ойнайық.
Ақшақар мен балалар: Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата: Ау! Ау! Келе жатырмын! Келе жатырмын!
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Сендерді көрмегелі жыл болыпты,
Мен сендерді сағындым!
Аяз ата: Балалар, айтыңдаршы сендер біздің жаңа жылдық шыршамызда тоңып қалмадыңдар ма? Мүмкін ойын ойнап жылынып аларсыңдар?
«Біз аздап жылынамыз»
Аяз ата: Ал, балалар, мен ешкімді тоңдырмадым, тіпті өзім де жылынып алдым.
Балалар, шыршаларың қандай әдемі. Тек шамдар жоқ екен. Мен сендерге шамдар алып келдім, кәне шамдармен билеп, содан кейін олдарды шыршаға ілейі
Аяз ата: Ал, балалар, сендер мені қуанттыңдар. Мен де сендерді қуантқым келеді. Менің сендерге сыйлықтарым бар.
Аяз ата: Ақшақар:
Жаңа жыл келді Ел көңілін көтерсін
Азаймасын ән мен жыр Құтты болсын Жаңа жыл!
Аяз ата: Ал балалар менің қоштасар уақытым келді. Басқа балаларға бауым керек. Бәріңе рахмет. Қош сау болыңдар!