https://orken-ulytau.1-bilim.kz/ru/memle-etti-ttest-tt-u/13-news-kz/133-osh-keldi-zha-a-zhyl.html#sigProIdf2357dae68
Жүргізуші Шолпан : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Өркен» бөбекжайында!
(Күншуақ тобымен Балдырған тобы балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады мики маустар айналып кіреді)
Қыз микимаус Жанар: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Ұл мики маус Нұрлыкүн Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
Мики маустар : Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен
керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан
түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық
киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз
көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Микимаустар және балалар : Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Алинұр : Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз
Бекжан: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Айназым:Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
София:Не ойласаң жаңа жылда
Орындалар бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді бар балақан.
Аятжан:Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата-әже,әке ана
Құтты болсынЖаңа жыл
Альмира :Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық бәріміз
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге
қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Жүргізуші: Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Клоун Ботакөз : Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге билегім келіп тұр.Аңдар биі билетеді
Жүргізуші :(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(Осы кезде топтың ішіне Жалмауыз кемпір кіріп келеді музыкасы ойналады )
Ж.Кемпір мына қапшықты қайда тықсам екен ә?-деп балаларды қорқытады
Аяз ата таба алмайтындай сыйқырлап тастайын онда
Мыстан кемпір: Айқайлайды.
Тары-бары растабары,
Елка-шырша-каламбей.
Шуры-муры-шары-вары,
Самба-ламба, Вилки-вэй.
Жүргізуші: Ой балалар Бұл кім келген ?Аяз ата қайда ?Сен кімсің?
Балалар: жалмауыз кемпір
Жүргізіуші Аяз ата қайда сонда?
Ж.Кемпір:Мен аяз атамен ақшақарды жолдан көріп қапшықтарын алып қашып кеттім олар сендерге сыйлық әкеле жатқан енді сендерге сыйлық та жоқ ахаха-ха-ха-деп күледі
Жүргізуші:Енді не істейміз ?
Аяз ата мен Ақшақар кіреді
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Аяз ата : Балалар сендер жалмауыз кемпірді көрмедіндер ме ?
Балалар :Шырша түбінде тығылып отқан жалмауыз кемпірді көрсетеді
Аяз ата : Ей кемпір шық ана жерден неғып отсын ? менің қапшығым қайда?Тез айт әйтпесе қазір қатырып тастаймын сені .
Ж.Кемпір :Кешіріңіздерші мені Міне қапшығыңыз .Мен сендермен жаңа жылды бірге қарсы алайыншы
Аяз ата:Кешіремізбе балалар?Жарайды онда қапшықты немере қызым ақшақарға бере ғой
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жылқы – АЙАРУ
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайын шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Толғанай:
Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Ойнап барлық бала жүр
Зарина:
Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Арман:.
Жаңа жыл,жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
сыйлығын сүйретіп
келді міне жаңа жыл
Айару :
Аяз ата тыңдаңыздар
Тақпақ
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер бәрін....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
« » биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Ай, Жалмауыз кемпір сен сиқырлап тастаған жоқсың ба?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
(жылтыр сандық ішінен жылан секіріп шығады)
- Ау, жылан сенімен де қоштасатын кез келді.
Жылан: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Енді мен кетемін
Жылқы жылына жол беремін
Тату болып бақытты боп
Өсе беріндер тілегім
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл! Жылан жылы шығып кетеді
Жылқы - Айару
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Ұлпа қарды тез жина ойыны»
Шарты: балалар екіге бөлініп тұрады шелекпен ұлпа қарды бір бірлеп алып шелекте келесі балаға береді қай топ бірінші бітіреді сол топ жеңеді .
Аяз ата: мына балалар мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз Балалар тақпақтарың айтып берсін
Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі Әсель :
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр Асыл : Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит Мадина:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)
Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Мыстан кемпір: Айқайлайды.
Тары-бары растабары,
Елка-шырша-каламбей.
Шуры-муры-шары-вары,
Самба-ламба, Вилки-вэй.

