oC

  1. фанфары тәрбиешілер шығады.

  2. балаларды таныстырып шығару

  3. «Балабақша бақытым» әні.

  4. тақпақтар Алдияр, Камила, Айлин, Арман

  5. Заманауи би

  6. тақпақтар Айару, Зарина, Айғаным, Толғанай, Ақзия, Айназым

  7. «Біз мектепке барамыз» әні

  8. Тақпақтар балабақша қызметкерлеріне алғыс: Айару, Албина, Камила, Сафия, Рамина, Әлмира

  9. ән «Риза апай, ағай да!»

  10. тақпақтар Бекжан, Әбу әли, Әлинұр, Айсұлтан, Едіге, Иса, Аятжан, Сағи, Ілияс

  11. Дымбілмес кіруі

  12. Дімбілмес пен ойын «Мектепке дайындық»

  13. Би «Бипыл»

  14. Ата-аналармен ойын.

  15. ән «Біз бақытты баламыз» вальс элементтері.

  16. Алғыс тарату. Құттықтаулар

  17. лентамен қоштасу.

1. фанфары№1 тәрбиешілер шығады.

 

  1. фанфарф №2 балаларды таныстырып шығару

 

  1. «Балабақша бақытым» әні.

 

  1. Заманауи би тога,тога

 

  1. «Біз мектепке барамыз» әні

 

  1. ән «Риза апай, ағай да!»

 

  1. Дымбілмес кіруі незнайка әні

 

  1. Дімбілмес пен ойын «Мектепке дайындық» веселый музыка

 

  1. Би «Бипыл»

 

  1. Ата-аналарды марапаттау, награждение

 

  1. ән «Біз бақытты баламыз»

 

  1. Алғыс тарату. Құттықтаулар награждение

 

  1. соңы қоштасу музыка

 

 

 

 

 

 

«Қош бол, Балабақшам!»

ересек «Күншуақ» тобының ертеңгілігі.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру; балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту; үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

 

Бөбекжай ауласы мерекеге арнайы безендірілген. Музыка әуенімен екі тәрбиеші ортаға шығады.

1 тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер!

2 тәрбиеші: Бүгін бізде үлкен мереке!

1 тәрбиеші: Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін сүйікті ұяларымен қоштасқалы отыр.

2 тәрбиеші: Бүгінгі Ұлытау ауданы «Өркен» бөбекжайының «Күншуақ» ересек тобының «Қош бол, балабақшам» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

 

1 тәрбиеші: Бөбек еді ол рас, кіп-кішкентай кешегі,

Бүгін міне азамат, болды рас деседі.

Санды танып, сурет салып, жаттықтырды қолдарын,

Мектебіне шығарып сап, тілейік ақ жолдарын.

 

2 тәрбиеші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

«Күншуақ» тобының түлектерін ортамызға.

 

Тізім бойынша балаларды ортаға шақырады. Балалар қызыл кілем бойымен шығып, иіліп амандасып, орындарына барып тұрады.

 

1 тәрбиеші: Думандатып бақшада,

Қызықты той басталсын.

Балабақша түлектері,

Әдемі ән шырқасын.

«Балабақшам бақытым» әні орындалады.

 

1 бөлім. Алдияр: Құрметті қонақтар, армысыздар.

Бәріңіз де есен-аман бармысыздар.

Таусылмастай ағытып ой арманның

Тілегін балалардың қабыл алыңыздар!

Камила: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық!

Айлин: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен кіші жасымыз кәріміз де

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Арман: Қоштасамын мен бүгін бақшаменен,

Балабақша шаттықтың аралы екен.

Танысып мектеп деген әлеммен,

Достасамын біліммен, даналықпен.

 

2 тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Балалардың орындауында «Заманауи би»

 

1 тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұрды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Айару: Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында.

Көп үйрендік, көп білдік,

Ел мен Отан жайында.

Зарина: Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Айғаным: Апайларым бақшада,

Үйретеді өнерді.

Ойым дамып бұл күнде

Санам өсіп көгерді.

Толғанай. Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Ақзия: Өсті міне бойымыз

Өсті міне ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз

Айназым: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біз мектепке барамыз.

 

2 тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне, білімдеріңді тексеріп көрейік.

5 ке дейін санаңдар; Кері санаңдар; қарама-қарсы ұғымдарды атаңдар: ұзын-қысқа, үлкен – кіші, жуан-жіңішке, биік- аласа, т.б.; қандай ертегінің кейіпкері?, т.с.с.

1 тәрбиеші: Міне қонақтар, біздің балалар мектепке дайын.

«Біз мектепке барамыз» әні

 

2 тәрбиеші: Балалар, балабақшада сендерге кім қарайды? Тамақты кім жасап кім береді? Төсегіңді кім жинайды? Ендеше осы кісілерге не айтасыңдар?(балалар балабақша қызметкерлеріне алғыс хат ұсынады.)

Айару: Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы

Меңгеруші апайға

Ырза әке шешеде

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Элмира Саматқызына, Айнұр Жұмаға мың алғыс

Албина: Көңіліңіз шат болсын,

Өміріңіз жаңарып.

Тәрбиеші ұстаздар,

Риза сізге бар халық.

Камила:Аспазшы апайға рахмет,

Дәмді тамақ әр күнге!

Бізге арнап пісірген

Асты сүйіп жейміз де.

Сафия: Мейірбике, жан ана,

Күнімізге қараған.

Дәрі-дәрмек, жылулық-

Сізден бізге тараған.

Рамина: Тәрбиеші, күтуші,

Әрбір жанға мың алғыс!

Балабақша өз үйім,

Жайнап өтсін әр күнім.

Аятжан: Есеп-қисап жүргізетін

Бақшаға кіріс кіргізетін

Апайымыз Зағилаға

Бас иіп алғыс айтамыз

Әлмира: Ойыншықта ,кесе де,

Шанышқы мен тарелке

Орындық, шкаф, төсек те,

Бәрі өзінен келе ме?

Зыр жүгіріп жүретін

Күнсұлу апай сізге де

Балалар рахмет айтады.

«Риза ағай, апай да!» әні.

 

 

 

2 тәрбиеші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын,

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.

 

Бекжан: Балабақша есігін

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,

Өсіреді бақшамыз.

Айсұлтан: Оқимыз, білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз,

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Едіге: Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.

Әбу Әли: Балабақша балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Сәби балғын жастықтың

Әлинұр: Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Иса:Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.

Сағи: Әрбір таңды қарсы ап,

Балғындарға жол ашқан,

Білім беріп, тәрбие,

Тәлімменен ұштасқан.

 

Дымбілмес келеді. Тәрбиеші екеуінің диалогы

- Мында не болып жатыр?

- Балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр.

- Сонда олар қоштасып қайда кетеді?

- Күзде мектепке барады?

- Мектеп деген не ол? Онда көп ойнай ма? Мен де барсам бола ма?

- Сен Дымбілмес, алдымен амандасып ал.

- Сәлем бердік!

- Жоқ, олай емес. Сәлеметсіздер ма! Деп әдепті бала болып амандасу керек.

- Сәлеметсіздер ма!

- Жарайсың! Мектепке бару үшін саған портфель керек. Оның ішінде сабақ құралдарын салып апарасың.

- Менде бар портфель бар- деп рюкзагын алып шығады. Сырты кір, ішінде ойыншықтар, рогатка, машина, бутербродтың қалдығы, бананның сырты жатады.

- Жоқ Дымбілмес. Бұл сөмкең жарамайды. Сен қазір ортаға тұрып бақыла. Біздің балалар топқа бөлініп мектепке сөмке жинау ойынын көрсетеді. (Ұлдар екі топқа бөлініп үстелдегі сөмкеге мектеп құралдарын жинап салады. Үстелде сабақ құралдарымен бірге машинка, рогатка, пистолет сияқты ойыншықтар жатады.)

- Дымбілмес көрдің бе? Біздің балалар мектепке баруға дайын. Бұдан басқа олар жыл бойы санауды, сурет салуды, ертегі айтып, тақпақ жаттап, ән айтуға үйренді. Сен тақпақ айту білесің бе? Қандай өнерің бар?

-Білмеймін, бірақ мен көздеп тұрып, торғайларды жалп еткіземін. Ысқыру білемін, т.б.

-Жоқ бұлай болмайды. Кәне балалармен Ия. Жоқ. Ойынын ойнайық. Оқушы қандай болу керегін сен сонда білесің.

 

2 тәрбиеші: Балаларға ия жоқ ойыны:

  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ақылды бала боламыз ба?

  5. Нан жейміз деп жылаймыз ба?

  6. Таңертең ерте тұрамыз ба?

  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

  8. Ойыншықпен ойнаймыз ба?

  9. Төмен баға алсақ жылаймыз ба?

  10. Үлгілі оқушы біз боламыз ба?

 

1 тәрбиеші:

Алма ағаштың гүліндей

Құлпырады қыздары.

Мың бұрала билейді,

Қыздар тобы ырғала.

«Бипыл» биі қыздардың орындауында

 

2 тәрбиеші: балаларымыздың осындай дәрежеге жетуіне ата-аналардың да үлесі бар. Баламен бірге ойнап, ән жаттап, тақпақ жаттап, тәрбиешіге көмектескен ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз. Сіздерге ақ жол тілейміз. Нағыз еңбектенетін кез келе жатыр. Сондықтан сіздерге сабыр мен төзімділік тілейміз. Сіздердің де дайындықтарыңызды тексеріп көрейік:

Ата-аналарға ойын: Ия жоқ

  1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

  2. Мектепке апарасыз ба?

  3. Тамағын уақытылы бересіз ба?

  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

  5. Сериал көріп жатасыз ба?

  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

  9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Соныңда Ата-аналарды марапаттаймыз.

 

Балалар мантияларын киіп шығады. «Біз бақытты балалар» әні

 

1 тәрбиеші: Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерде арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

 

2 тәрбиеші: Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

 

Балаларды марапаттау үшін бөбекжай басшысын шақырамыз.

 

1 тәрбиеші: Алдарында сан тарау жолдар тұр

Түлектерім жақсы оқушы болғалы тұр.

Даярлықтың есігін ашпақ міне,

Келген қауым қол соғып қолда сізде

 

2 тәрбиеші:

Балалардың білім құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

Ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Балаларымыз бен ата-аналарға сәттілік тілейміз. Ертеңгілікті тамашалаған қонақтарға келесі кездескенше дейміз!