Жобаның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, тазалық сақтауға және өсімдіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Жоба барысында балалар бөлме гүлдерін суарып, олардың күтімін жасауды, ауладағы тазалықты сақтауды, суды үнемдеуді және табиғатты аялауды үйренуде. Сонымен қатар табиғат бұрышында түрлі танымдық жұмыстар ұйымдастырылуда.
«Жасыл балабақша – жарқын болашақ кепілі!» ұранымен бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру жұмыстары жалғасуда.

